Кімге бұйырады: Назарбаевтың мүлкін бөлуге арналған 2 мұрагерлік іс тіркелді
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың дүние-мүлкін бөлуге арналған мұрагерлік 2 бірдей іс e-notary жүйесінде тіркелген.
«13.11.2023 жылы қайтыс болған Болат Әбішұлы Назарбаев өлімінен кейін Алматы қаласының нотариусы Бауыржан Қыдырбайұлы Исабаевта мұрагерлік іс ашылды», – делінген жүйеде.
Дәл осындай мәтінмен екінші мұрагерлік істі Алматы қаласының тағы бір нотариусы Әсел Сыдыханқызы Жантөлеуова тіркеген.
«Курсив» нотариустерге хабарласып, осы іс туралы сұраған еді. Алайда олар жауап беруден бас тартты.
Қазақстандық БАҚ ақпаратына сүйенсек, Болат Назарбаевтың мүлкіне оның 14 баласы мен 1 әйелі таласып отыр:
- Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада дүниеге келген.
- Назарбаева Динара Кемелханқызы 1986 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген (Болат Назарбаевтың әйелі)
- Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жыл 17 ақпан
- Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жыл 7 маусым
- Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жыл 3 қараша
- Болатұлы Болатхан, 2012 жыл 7 ақпан
- Болатқызы Томирис, 2013 жыл 30 шілде
- Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жыл 19 тамыз
- Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жыл 17 қазан
- Болатқызы Аруназ, 2016 жыл 13 қаңтар
- Назарбаев Ақбар Болатұлы, 2016 жыл 23 қараша
- Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жыл 26 қаңтар
- Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жыл 18 мамыр
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жыл 9 шілде
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жыл 21 қыркүйек
13 қарашада, Алматы қаласында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, кәсіпкер Болат Назарбаев қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. 71 жастағы Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Алматыдағы Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі растады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Әбішұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің жерлеу рәсіміне бармайтынын жария етті.