Роман Скляр Ұлттық инвестициялық орталықты басқарады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Скляр получил новую должность
Роман Скляр Ұлттық инвестициялық орталықты басқарады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз қызметіне қоса Ұлттық инвестициялық орталықты басқаратын болады. Орталықтың міндеттерінің бірі-инвестициялар тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметін ұйымдастыру. Бұл туралы премьер-министрдің қаулысында жазылған.

«Инвестициялық қызмет жөніндегі Ұлттық Орталық құрылсын. Ұлттық орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», – деп жазылған құжатта.

Орталықтың міндеттері:

  • инвестициялар тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
  • бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеуші саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру мониторингі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру мониторингі кезінде сала аралық үйлестіру;
  • инвесторларға мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Құжатта орталық қызметін басқару функциясы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға берілетіні жазылған.

Қазақстан инвестициялық тартымдылығы жоғары ТОП-10 мемлекеттің қатарына қосылған. Осылайша Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің инвестициялық тартымдылығына жүргізілген зерттеу рейтингінде алтыншы орынға орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз