«Ұшақ жетіспейді» — Роман Скляр Air Astana рейстерінің кешігу себебін түсіндірді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Роман Скляр Air Astana рейстерінің кешігу себебін түсіндірді / архив kursiv.media

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Air Astana әуе компаниясы рейстерінің кешігу себебін түсіндірді. Бұл туралы вице-премьер Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі кулуарында айтты.

«Өкінішке орай, рейстердің уақыты өзгеріп келеді. Бұл жеткілікті мөлшерде қосалқы ұшақтардың болмауына байланысты. Бірақ көптеген қосалқы ұшаққа иелік ету де оңай болмайды. Әсіресе, жаз айларында жыл сайын осы мәселе туындайды», – деді вице-премьер.

Мәселені шешу үшін Көлік министрлігі мен Air Astana әуе компаниясы бірлесіп жұмыс істеуі керек екендігін айтты.

«Өкінішке орай, мұндай мәселе бар. Көлік министрлігі мен Air Astana мәселені шешуге жұмыс істеп келеді. Алайда рейстердің жиілігіне байланысты уақыт жылжып келеді», – деді Скляр.

Дегенмен вице-премьер жолаушылар сапасыз қызмет алса, әуекомпания кінәлі екенін айтты.

Қазақстандықтар тарапынан Air Astana рейстерінің жиі кешігуіне байланысты шағымдар көбейіп, әуе компаниясы түсініктеме берген. 

Ақпаратқа сүйенсек, бұл бірнеше объективті факторларға байланысты. 

«Олардың ішінде: ұшу кестесіне түзетулер енгізуді талап ететін әуежайдың немесе ұшу-қону жолағының уақытша жабылуы; ақаулық болған жағдайда, мысалы, құстардың соғылуына байланысты әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және тексеру бар. Сондай-ақ мәселені бағалау және ақаулықты жою үшін белгілі бір ұшақ түріне қызмет көрсететін инженерлік персоналдың қалаға жетуі. Рейстің кешігу уақыты себепке байланысты өзгереді және басқа рейстердің ұқыптылығына каскадты әсер етеді», – деп хабарлады компания. 

Әуекомпаниясы баспасөз қызметі, жолаушыларды брондау кезінде көрсеткен нөмірлері бойынша рейстің кешігуі немесе тоқтатылуы туралы хабарлап отыратынын айтады.

Сондай-ақ оқыңыз