Жаңалықтар

Енді eGov мобильді қолданбасы арқылы еңбек шартына қол қоюға болады

eGov мобильді қосымшасы арқылы еңбек шартына қол қоюға болады /kursiv.media

Енді еңбек шартын смартфонда рәсімдеуге болады. Яғни жұмыскер eGov мобильді қолданбасында құжатқа қол қоя алады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығы ол үшін жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайтыны, одан кейін шартты жұмыскерге келісу үшін жолдайтынын айтты.  

Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмыскер өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, Push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмыскер еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, ЭЦҚ көмегімен қол қояды

«Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды. Жүйе қол қойылған электрондық еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі», – деді «ҰАТ» орталығы.

Сервис іске қосылғалы электронды қолтаңба арқылы 1 мыңға жуық еңбек шартына қол қойылды.