Астана әуежайы рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы нақты ақпарат беретін колл-орталықты іске қосты

Жарияланды (жаңартылды )
Астана әуежайында колл-орталықтар іске қосылды /kursiv.media

Астана әуежайында 2-4 шілде күндері рейстердің кешігетіні туралы алдын ала ескертілуде. Осыған орай Көлік министрлігі жолаушыларға нақты ақпарат алу үшін колл-орталықтар іске қосылғанын хабарлаған. Жолаушылар әуе компанияларына телефон шалып, жедел мағлұматтар алады.

Мына жедел желілерге хабарласуға болады:

  • Қазақстанның авиациялық әкімшілігі: +7 7172 79 82 13
  • Air Astana: +7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77
  • FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227)
  • SCAT: +7 7252 99 88 80
  • Qazaq Air: +7 727 356 14 14

Колл-орталықтар тәулік бойы ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы нақты ақпарат ұсынуға міндетті.

Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу жоспарланған.  Соған байланысты елорда әуежайы мен темір жол бекеттерінде жұмыс режимі қауырт. Көпшілік шоғырланатын орындар арнаулы органдар мұқият қадағалауда. Астананың орталық көшелеріндегі тұрақтарға автокөлік қоюға болмайды. Қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз