Жаңалықтар

Орталық депозитарий Ресейден 5,8 трлн теңгеге тең құнды қағаз көшкенін жоққа шығарды

Казахстанский депозитарий ценных бумаг ответ поступление российских бумаг на сотни миллиардов рублей
Бағалы қағаздар депозитарийі ресейлік құнды қағаздардың ағылғанын жоққа шығарды Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Бағалы қағаздар орталық депозитарийі (KCSD) былтыр сақтауға аударылған ресейлік бағалы қағаздардың көлемі туралы мәліметті жоққа шығарды. Бұған дейін ресейлік Frank Media басылымы жалпы транзакция көлемі 5,8 триллион теңгені (немесе шамамен 1,1 триллион рубль) құрағанын жазды.

Орталық депозитарий «Курсив» сауалына берген жауабында былтыр 81,2 млрд теңгеге тең бағалы қағаз келгенін растады. Бұл Frank Media жазған соманың тек 1,4 пайызына тең.

Ал Frank Media 2023 жылы жүздеген млрд рубльді құрайтын ресейлік құнды қағаздар Қазақстанға түсуі мүмкін екенін жазған. Басылымның мәліметінше, 12 айда 6,7 мың операция жасалған. Дереккөзінің бірі КCSD-ге енгізілген бағалы қағаздардың шамамен 80-90%-ы ресейлік және квазиресейлік эмитенттерден келген деген болжам жасады.

Алайда Орталық депозитарийдің мәліметінше, нақты цифр олар келтірген сандардан әлдеқайда аз. Ал ресейлік басылым жылдық есептегі ақпаратты қате түсінген болуы керек. Депозитарий Қазақстанның қаржы нарығындағы тұрақтылық пен сенімді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын деректердің ашықтығы мен сенімділігі саясатын одан әрі ұстанатынын баса айтты.

Орталық депозитарий (KCSD) – трейдингтен кейінгі қызметтер саласындағы қазақстандық қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында KCSD бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алудың бірыңғай орталығы ретінде әрекет етеді, барлық биржалық және биржадан тыс мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті қатысушыларға бағалы қағаздарды есептеудің халықаралық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады.