Отандық ауыл шаруашылық техникасы үшін: «ҚазАгроқаржы» компаниясы «Бәйтерек» холдингінен 100 млрд теңге қарыз тартпақ
«ҚазАгроқаржы» 100 млрд теңгеге облигация шығармақ. Бұл облигацияларды «Бәйтерек холдингі сатып алады. Ал түскен қаржы ауылшаруашылық техникасын лизингке беруге жұмсалады.
Компанияның жалғыз акционері – Аграралық несие корпорациясының шешімі Қазақстан қор бижасында орналастырылған. Облигациялар ұлттық валютада сатып алынады. Өтініш беру мерзімі 7 жыл деп белгіленген. Ал сыйақы мөлшелемесі жылдық 16 пайыздан аспайды.
Бұған дейін «ҚазАгроқаржының» директорлар кеңесі 100 млрд теңгеге облигация шығару арқылы өз міндеттемесін арттыру туралы шешім қабылдаған. Бұл міндеттеме көлемі компанияның меншікті капиталының 56,69 пайызын құрайды.
«Бәйтеректен» алынатын 100 млрд теңге отандық өндірістен шыққан ауылшаруашылық техникасы мен балық өнімдерін тасымалдауға арналған көліктің лизингіне жұмсалады. Лизинг мерзімі 5 жылдан аспайды. Жылдық сыйақысы – 5%.
Айта кетейік, 17 маусымда «ҚазАгроҚаржы» лизингпен ауыл шаруашылығы техникасын 5%-бен алуға өтініш қабылдауды бастады. Оған лизингпен техника және отандық көлік жабдықтарын алғысы келген фермерлер қатыса алады. Бірінші лизинг төлемі кемінде 10%, оны 2024 жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу керек.
«ҚазАгроҚаржы» – Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасының лизингі сегментіндегі үлесі шамамен 90%-ды құрайтын жалғыз мемлекеттік компания. 2022 жылдың шілде айында «Бәйтерек» ұлттық холдингі аталмыш акционерлік қоғамның акцияларымен 140,47 млрд теңге көлемінде «Аграрлық несие корпорациясының қосымша шығарылымын төледі. Мәміле нәтижесінде «ҚазАгроҚаржы» соның еншілес ұйымына айналды.
«ҚазАгроҚаржы» таза кірісінің 70 пайызын акционері – «Аграрлық несие корпорациясына» дивиденд төлеуге бағыттайды. Компания 2023 жылы 18,9 млрд теңге таза пайда тапқан.