Жаңалықтар

Қазақстанда БАД өнімдері мен косметиканы жарнамалау ережелері бекітілді

Қазақстанда БАД өнімдерін жарнамалау ережелері бекітілді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Денсаулық сақтау министрлігі биологиялық белсенді қоспалар, балаларға арналған тағамдар мен киімдер және косметикалық заттарды жарнамалау қағидаларын бекітті.

Министр бұйрығы мемлекеттік тіркеуге міндетті өнімнің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауы мен қадағалауындағы жарнаманы жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге міндетті жекелеген өнімнің жарнамасын жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды.

Ереже қандай өнімдерге қатысты?

  • Балалар тағамы, оның ішінде балалар тағамына арналған ауызсу;
  • Диеталық емдік және диеталық профилактикалық өнімдер;
  • Биологиялық белсенді қоспалар (БАД –  ред.);
  • Теріні ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер; 
  • Татуировкаға арналған косметика;
  • Интимдік косметика;
  • Зиянды өндірістік факторлардың әсерінен теріні жеке қорғаудың парфюмерлік-косметикалық өнімдері;
  • Балалар косметикасы;
  • Шашты химиялық бояуға және ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
  • Шашты бұйралауға және тіктеуге арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер; 
  • Құрамында наноматериалдар бар парфюмерлік-косметикалық өнімдер; 
  • Депиляцияға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер; 
  • Пиллинг;
  • Дезинфекциялау құралдары;
  • тұрмыстық химия өнімдері, лак-бояу материалдары;
  • шаруашылық-ауызсумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған құралдар;
  • Ересектерге арналған жеке күтім заттары;
  • Сүт емізіктері;
  • Бір рет қолданылатын санитариялық-гигиеналық бұйымдар;
  • Пластмассадан, шыныдан, металдан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары;
  • Ток көздерімен жұмыс істейтін тіс щеткалары;
  • 3 жасқа дейінгі балаларға арналған трикотаж және тоқыма материалдарынан жасалған шұлық, іш киім және шомылу киімі;

Жарнамаға қойылатын талаптар:

  • ҚР аумағындағы жарнама қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс немесе басқа да тілдерде таратылады;
  • Мәтіндік жарнама оңай оқылуы, анық және түсінікті қаріппен басып шығарылуы керек; аудио жарнама анық аудио сүйемелдеуімен орналастырылуы керек; бейне жарнама анық дыбыстық және бейне сүйемелдеуімен орналастырылуы керек;
  • Тұтынушыларды тауардың сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты адастырмау;
  • Өнімнің (тауардың) сауда атауын және өндірушінің атауын қамтуға;
  • Өнімнің мақсатын айқын көрсету;
  • Өнім қай санаттағы адамдарға арналғанын көрсету;
  • Жанама әсерлермен танысу туралы нұсқау;
  • Мемлекеттік тіркеудің болуы туралы ақпарат.

Тыйым салынған:

  • ҚР заңнамасымен өндіруге және (немесе) сатуға тыйым салынған өнімдерді (тауарларды) жарнамалау;
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ өнімді (тауарларды) жарнамалау;
  • жарнамадағы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтемелер, олар өз атақ-даңқының салдарынан өнімді (тауарларды) қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін.
  • Министрлік бұйрығында өнімнің жекелеген түрлері үшін қосымша талаптар белгіленетіні жазылған.