Анталья әуежайындағы жұмысшылардың ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешігуде. Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтіп отыр.
Түркияның курорттық аймағының туризм индустриясы осындай жағдайға тап болды. Анталья әуежайындағы наразы қызметкерлер осындай шара қолданған. Бұл жағдайдың нәтижесінде әуежай жұмысында рейстер кешігіп, ұшу уақыттары да айтарлықтай ауысты.
Әуежай қызметкерлері басшыларынан жалақыны көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде.
«Бұл жағдайдың салдары рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы, демалушылардың көптеген кедергілерге тап болып, авиакомпаниялар үшін үлкен қаржылық шығындарға әкелді» – деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Бұл ретте кейбір түрік басылымдары Анталья әуежайындағы наразылық әуе компанияларының бірі жолаушыларға алдын ала ескертусіз Газиантеп, Самсун, Ван және Измир қалаларына рейстерді тоқтатқаннан кейін басталғанын жазады.
Бұған дейін Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі Анталья әуежайында биылғы маусым айында өткен жылғы әуе қозғалысы рекорды жаңарғанын мәлімдеген.
Ведомствоның мәліметінше, курорттық қала әуежайы 199 751 адамды қабылдап, 1 175 рейске қызмет көрсеткен.
Былтыр 10,5 млн қазақстандық шетелге саяхаттаған. Оның ішінде негізгі бағыттардың бірі осы Түркия.