Жаңалықтар

Қытай Қазақстанның БРИКС-ке қосылуын қолдайды – Си Цзиньпин

2022 жылы да Қытай Қазақстанды БРИКС-ке шақырған еді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қытай Қазақстанның БРИКС ынтымақтастық механизміне қосылуын қолдайды, деп мәлімдеді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздердің қорытындысы бойынша.

«Қытай Қазақстанның БРИКС ынтымақтастық механизміне қосылуын қолдайды», – деді Си Цзиньпин.

2022 жылы да Қытай Қазақстанды БРИКС-ке шақырды. Сол тұста Қытайдың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Чжан Цзюнь твиттерде Қазақстан, Сауд Арабиясы, Аргентина, Египет, Индонезия, Нигерия, Сенегал, БАӘ және Таиландтың БРИКС+ диалогына қосылуын құптайтынын жазған.

БРИКС – бес мемлекеттен тұратын топ. Оған Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы мүше.

Еске сала кетсек, Қытай басшысы 2 шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының басшысымен кездесуі барысында Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас үшін ерекше маңызды екенін айтқан болатын. Қазақстан Президенті елдер арасындағы қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.