«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Еуразиялық даму банкінен 21 млрд теңге қарыз алды

Жарияланды (жаңартылды )
фото kaztransoil.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесінің 100%-ы «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) Еуразиялық даму банкінен 108 ай мерзімге 21 млрд теңге сомасында қарыз алды. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жылдық минусы –  2%.

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-ге  «Магистральдық Суағызғысы»  «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын реконструкциялау және кеңейту 1 кезек» инвестициялық жобасы бойынша тартылған «Қазақстан Халық банкі» АҚ қарызын қайта қаржыландыру үшін алғанын хабарлады.

2022 жылдың қараша айында инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан қарыз алған. Осы кредиттік желі шеңберінде 41,4 млрд теңге игерілді. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі, ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс жылдық –   2,5%.

Компания бұл жобаны 2023 жылдың желтоқсанында аяқтады. Жоба аясында ұзындығы шамамен 176 км «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысының екі учаскесі  ауыстырылды. Соның нәтижесінде «Астрахань – Атырау» учаскесіндегі «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысының өткізу қабілеті тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге дейін ұлғайды.

«Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысы – стратегиялық маңызды нысан. Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін жалғыз орталықтандырылған су көзі.

«Магистральдық Суағызғысы» компаниясы «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры қызметінің тарифін 1 шілдеден бастап орташа 36,9 пайызға қымбаттатты. Компания магистральды су құбырын жаңғыртуға Ұлттық қордан 70 млрд теңге алған.

Сондай-ақ оқыңыз