CNS Pharmaceuticals компаниясының акциялары шарықтап барып, қайта арзандады

Жарияланды
CNS Pharmaceuticals мидың қатерлі ісігін емдеумен айналысады / Фото: shutterstock

Ми мен орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісігіне қарсы дәрі жасайтын CNS Pharmaceuticals компаниясының котировкасы 3 шілдеде мезетінде 100%-дан аса өсті. Алайда осы айда үшінші рет тағы қосымша эмиссия болатыны хабарланған соң, акция бағасы бірден құлады. Жаңа раундта компания құнды қағаздарын шамамен 2 млн долларға сатпақ.

Толығырақ

CNS Pharmaceuticals акциялары сәрсенбі күні сауда басында қарқынды көтерілді – бір мезетте баға  2,87 доллар болды. Бұл алдыңғы күнге қарағанда 127%-ға көп. Алайда сессияның ортасында қағаздардың бағасы күрт төмендей бастады: сауда 15% өсіммен, 1,46 доллар бағамен жабылды. Постмаркетте акциялар тағы 10%-ға арзандап – 1,3 долларға түсті. 

Сәрсенбі, 3 шілдеде, инвесторлар күндізгі саудада орташа 422 мың көлемде 55,8 млн қағаз сатты.

Соңғы айда қосымша екі эмиссиядан кейін, айналымдағы CNS акцияларының саны үш есеге жуық көбейді. Ал 3 шілдеде компания тағы да қағаз орналастыратынын хабарлады: ол институтционалды инвесторларға 1,39 доллардан 1,4 млн акция және тура сондай көлемде бес жылдық варранттарды 1,26 доллардан сататынын мәлімдеді.

Бұл орналастырудан компания 1,98 млн доллар табуды көздеп отыр. Түскен пайданы айналым капиталын толықтыруға және жалпы корпоративтік шығындарға жұмсамақ.

Контекст

CNS институционалды инвесторлардың пайдасына қосымша эмиссия өткізетінін үш апта бұрын хабарлаған болатын. Оныншы маусым күні ол АҚШ-тың Құнды қағаздар комиссиясына (SEC) 9,2 млн долларға акция орналастыруға өтініш берді. Содан бері компания екі рет қосымша эмиссия өткізді.
Бірінші эмиссия кезінде ол 3,75 доллардан 366 мың акцияны, тура сондай көлемде бес жылдық варранттарды 3,62 доллардан сатты. Екінші орналастыру кезінде компания бағаны аздап түсірді: инвесторлар 568 мың акцияны 2,45 доллардан, ал бес жылдық варранттарды 2,32 доллардан сатып алды.
Үшінші эмиссияда баға тіпті төмендей түсті: акция бағасы 1,39 доллар болса, варрант 1,26 доллардан саудаланбақ.

CNS Pharmaceuticals немен айналысады?

CNS Pharmaceuticals мидың қатерлі ісігіне және орталық жүйке жүйесінің лимфомасы дертіне қарсы дәрі жасайды. Оның негізгі ұсынатын препараты – берубицин. Бұл – қатерлі ісіктің кейбір түрін емдеуге қолданылып жүрген антрациклиннің бір түрі. Компанияның ойынша, берубицин басқа ұқсас дәрілерге қарағанда, гематоэнцефалиялық кедергіні жоюға барынша қабілеттірек. Ол жүйке тіндеріне түрлі микро ағзалар мен токсиндерді өткізбейтін сүзгі тектес. Бірақ оның екінші жағы да бар, ол дәрілік заттарды да қауіпті деп санап, кейбір дертті емдеуге кедергі келтіреді.

CNS дәрісі мидың сирек кездесетін қатерлі ісігі – мультиформалық глиобластоманы емдеуге көмектеспек. Компания ұсынған статистика бойынша, диагноз қойылған сәттен бастап науқастың орташа өмір сүру ұзақтығы 15-16 ай, пациенттердің шамамен 25%-ы ғана 2 жыл өмір сүреді.  Дәрі өндіруші өз препаратына қатысты негізгі клиникалық деректерді 2025 жылы жариялаймыз деп жоспарлап отыр.

Акция жайы

MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның қағаздарын бір сарапшы бақылап отыр. Ол сатып алған акцияларды әзір портфельде ұстай туру керек деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз