Жаңалықтар

Аптап ыстық пен жауын-шашын: Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

16 облыста дауылды ескеру жарияланды. Фото: shutterstock

«Қазгидромет» Астана мен еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Еліміздің батыс бөлігінде қатты ыстық болса, шығыс, солтүстік және оңтүстік облыстарда жауын-шашын мен бұршақ жауады.

Астана мен Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ал еліміздің батыс өңірінде аптап ыстық тұр. 04-06 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облысының оңтүстігінде ауа райы 40-42 градусқа көтерілсе, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус аптап ыстық болады.  Атырау облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Бейсенбі күні Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Абай облысында оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Мамандар Жамбыл облысында 01-06 шілде аралығында төтенше (5 класс ) өрт қауіпі сақталатынын жазады.

Ал Ақтөбе облысында 36 градус ыстық күтіліп отыр. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с болады.

Бұған дейін «Қазгидромет»  Астана, Алматы және Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.