1992 жылы Қазақстан Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан кезде екіжақты тауар айналымының көлемі небәрі 370 миллион долларға жуықтаған. 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 31,2 миллиард доллардан асты. Бұл Қазақстанның жалпы сауда көлемінің 22,3 пайызын құрайды. Қазақстанның ондаған жыл басты сауда серіктесі болып келген Ресей, 2023 жылы алғаш рет Қытайға өз орнын берді. Бұл екі ел басшылары белгілеген 2030 жылға арналған Қазақстан-Қытай сауда айналымын 40 миллиард долларға жеткізу мақсатының орындалуына сенім беретіні анық.
Сенімді инвестор
ҚР ҰБ мәліметінше, Қытай Қазақстанға 2005-2023 жылдар аралығында 24, 8 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйған. Қытай соңғы жылдары Қазақстанның тұрақты инвесторы ретінде қалыптасты деп айтсақ та болады. Мысалы, 2018 жылдан бері күншығыс елі елімізге орташа есеппен жылына 1,5 млрд оллардан астам жобаларға инвестиция құйып келеді. Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салатын алғашқы 5 елдің қатарына кіреді. Ал бұрын мұнай-газ саласына басымдық берілсе, қазір қытайлық бизнесмендер құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласына белсенді түрде инвестиция салуда. ҚХР осылайша Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі және маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретіндегі ұстанымын нығайтты.
Инвестицияларды әртараптандыру
China Global Investment Tracker таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қытай соңғы 17 жылда Қазақстан экономикасына 36,7 миллиард доллар инвестициялаған, оның үштен екісі, яғни 25,2 миллиард доллары энергетика саласына құйылған. Қытайлық инвесторлар химия өнеркәсібі мен мұнай өңдеу саласындағы жобаларға 4,4 миллиард доллардан сәл астам қаржы жұмсады.
Салынған 15 ірі транзакцияның ішінен бірнешеуін инвестиция көлемі жағынан да, стратегиялық маңызы жағынан да тарихи деп атауға болады. Бұл – China National Pertoleum Corp ұлттық корпорациясының сатып алуы.«Қазақстанның інжу-маржаны» атанған Қашағанның 8% акциясы және Қазақстанның батысындағы бірнеше кен орындарын игеріп жатқан ПетроҚазақстан компаниясының 67% акциясы. Екі транзакцияның жалпы сомасы 9,2 миллиард доллардан асты. Қытайлық инвесторлар түрлі газ жобаларына қаражат салған.
Қазіргі кезеңде Қытай Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды серіктестерінің бірі. Бұл Қытайдың мұнай-газ секторының негізгі инвесторы болуымен емес, Қытай трансұлттық компанияларының (ТҰК) әртүрлі энергетикалық секторларға – мұнай, газ, көмір және жаңартылатын көздерге инвестиция салуымен байланысты. Атап айтқанда, Қытай атом энергетикасы, жел және күн электр станцияларын салу. Сондай-ақ гидроэнергетикаға өзінің озық технологияларын енгізу саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Осылайша ҚХР инвестицияларының әртараптанғанын байқауға болады.
Транзиттік ірі жобалар
«Бір белдеу және бір жол» бастамасы аясында Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін белсенді түрде жүзеге асыруда. Оның аумағы арқылы Қытайды Орталық Азия және Еуропамен байланыстыратын 10-нан астам халықаралық дәліздер өтеді. Соңғы 10 жылда көлік инфрақұрылымын дамытуға 30 миллиард доллар инвестиция құйылды. «Ляньюньган» және «Қорғас-Шығыс қақпасы» порттарының құрылысы сияқты кейбір маңызды жобалар қытайлық инвесторлардың қолдауына ие болды. Жақында Сианьда және одан тыс жерлерде бірлескен терминал пайда болды. Бұл Қазақстанның өңірдегі басты логистикалық хаб болуын тағы да дәлелдейтін үлкен жоба.
Қазақстан үкіметі Цзинхэ – Қорғас учаскесінде екінші жолдардың құрылысын бастамақ жоспары бар. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін, бұл станциялардың өткізу қабілеті тағы 14 миллион тоннаға артады. Жылдық ауыстырып тиеудің болжамды көлемі 56 млн тонна жүкті құрайды.
«Бақты – Таченгте» үшінші өткізу пунктін ашу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру шекаралық теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 20 млн тоннаға арттырады. Қытай бағытында жыл сайынғы өткізу қабілеті 76 миллион тонна жүкке дейін артады.
Қытай әлемдегі екінші экономикалық қуатты ел. Қазақстан үшін оңтүстіктегі көрші алып мемлекетпен қарым қатынысты жақсарту, сауда көлемін одан әрі арттыру және қосымша инвестиция тарту арқылы өз ұлттық экономикасын нығайтуға әрекет етуде.