2024 жылы 4 шілдеде «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Түрген ауылы, Батан ауылы мен Асы жайлауына өтетін жолды жабу туралы шешім қабылдады.
Түрген ауылы – Батан ауылы – Асы обсерваториясы (7-26 км) автомобиль жолында сел қаупіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ Түрген өзенінің бассейніндегі №2 және №5 көлдері аумағына шектеулер енгізеді.
«2024 жылы 3 шілдеден бастап Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалының экологиялық бекеті арқылы автокөліктер, демалушылар мен туристер үшін сел қаупі бар учаскелерге жол жүру шектеледі. Бұл шешім «Қазселденқорғау» мекемесінің келісімімен қабылданды», – делінген парк хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, аймаққа тек құзырлы мемлекеттік мекеме өкілдері ғана кіре алады.
Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақтарда құрылыс салу бойынша 150-ден астам заңбұзушылық анықтаған. Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аталған сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен қаралды.