Lifestyle

Қазақтың ұлттық аспабы TikTok-та қалай трендке айналды

Домбыра TikTok-та қалай трендке айналды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шілденің бірінші жексенбісі Қазақстанда Домбыра күні аталып өтіледі. Осыған байланысты қазақстандық музыкант-контент авторларының арқасында жаңа тыныс тапқан бірегей дыбысы мен бай тарихы бар бұл ұлттық аспапты TikTok-та насихаттаушыларға шолу жасадық.

Платформа креаторлары домбыраны жай ғана аспап емес, оны мәдени жаңғыру мен шығармашылықтың символына айналдыруда. Желідегі 10 танымал домбырашының жазылушыларының жалпы саны 925 мың адамға жеткен. Олар 13,6 миллионнан астам лайк жинаған. Ал #домбра#домбыра#dombra және #dombyra хэштегтерімен жалпы алғанда, 57,8 мыңнан астам видео жарияланып, ең көп көрілген видео 10 миллион рет қаралған. 

@dombrart

Қай сериалдың саундтрегі еді осы? 🤔 #домбыра

♬ original sound – Белес | Dombrart

Қысқа креативті бейнероликтер платформасында @dombrart деген атпен танымал Белес Қозықан өзінің алғашқы домбырасын анасы сатып әпергенін айтады. Оның бастапқы мақсаты домбырада ұлттық музыканы ғана емес, сонымен қатар батыстық әндердің каверлерін де ойнау мүмкіндігі барын көрсету болғанын айтады.

@zhakso_

Giorgos Mazonakis – Savvato Cover by ZhakSoul Dombra Mood video by @Бекмурат Песня, которая звучит внутри на протяжении жизни. К вашему вниманию атмосферное видео! #savvato #cover #домбыра #алматы #рекомендации

♬ оригинальный звук – ZhakSoul Dombra

Домбырада ойнаудың екінші танымал креаторы және виртуозы – Жакс Мухаметжанов, яғни @zhakso платформада Eminem-нің әнін ойнау арқылы танымал болды. Ол бірқатар каверлер мен басқа да танымал хиттерді орындады.

Тағы бір танымал домбырашы Аида Ахметова (@a.akhmetova) өз блогын тек қазақ күйлеріне арнаған. Ол өзінің роликтерін Қазақстандағы әдемі пейзаждар аясында түсіріп, түрлі елдердің көрермендерінен мақтау сөздер жинайды.

Осыған дейін шабандоздыққа қызығушылық артқалы рухты әндердің де танымалдығы артып, желіде түрлі трендтер пайда болған еді.