Алматы облысы мен Абай облысында жұмыс көлемі артып, жалақы көлемі де 2023 жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болған.
HeadHunter жүйесінің зерттеуіне сүйенсек, Қонаев қаласында бос жұмыс орындарының өсу қарқыны 47%, ал Семей қаласында 30%-ды құраған. Қонаевтағы жалақы көлемі 2023 жылғы көрсеткіш – 173 мың теңгеден 2024 жылы 210 теңгеге дейін өссе, Семейдегі көрсеткіш 170 мың теңгеден 225 мың теңгеге өскен.
Атырауда жұмыс көлемі 1% ғана артқанымен, жалақы көлемі 190 мың теңгеден 241 мың теңгеге дейін өскен.
Жалақысы ең көп өңірлер қатарын Астана (296 мың), Алматы (294 мың), Шымкент (249 мың) қалалары бастап тұр. Ең аз жалақы Талдықорған (201 мың), Орал (205 мың), Қонаев (210 мың) қалаларында тіркелген.
Ел бойынша бос жұмыс орнына деген сұраныс көлемі 28% артқан. Ал бос жұмыс орындарының көлемі 12%-ға көбейген. Орташа жалақы көлемі 269 мың теңге болған, 2023 жылы бұл көрсеткіш 211 мың теңге еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосқан. Оның аясында жұмыссыз азаматтар үшір 42 жұмыс орны ашылады. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына араласа алады.