Қазақстандағы алтын өндіруші «Алтыналмас» компаниясының 100% еншілес кәсіпорны «Ақбақай Голд Ресорсиз» компаниясы 2022 жылғы 223 млн теңге шығынмен салыстырғанда 2023 жылы 9,3 млн теңге шығынға ұшырады. Осылайша компания шығынын 96%-ға қысқартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы құжатта көрсетілген.
Аудиттелген қаржылық есептілікте атап өтілгендей, компанияның жиынтық активтері 2023 жылдың соңында 240,8 млн теңгеге дейін, оның ішінде ақша қаражаты мен оның баламалары – алдыңғы жылдағы 139 млн теңгеден 18,2 млн теңгеге дейін азайды. 2022 жылдың соңындағы 1,2 млрд теңге болған.
Өтелмеген шығын былтыр 232,3 млн теңгені құрады. Бір жыл бұрын 223 млн теңге болған. Капитал 2022 жылдың соңындағы -77,2 млн теңгемен салыстырғанда 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 86,5 млн теңгені құрады.
Былтырғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның міндеттемелері оның активтерінен 207,2 млн теңгеге асып түсті (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша міндеттемелер активтерден 541,6 млн теңгеге артық). Компанияның кірісі болмады.
«Ақбақай Голд Ресорсиз» компаниясының негізгі қызметі – бас компанияға түрлі жабдықтар жалға беру. Бұл ретте компанияның аудиторлық сыйақысы 2023 жылы 4 млн теңгеге дейін артты. 2022 жылы көрсеткіш 1,5 млн теңге болған.
«Компанияның 2023 жылға қаржылық есебінің аудитін «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есеп 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Ақбақай Голд Ресорсиз» АҚ-ның қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен ҚЕХС сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақшалай қаражаттың қозғалысын барлық маңызды қатынастарда анық көрсетеді», – деп жазылған KASE-дегі есепте.
«Алтыналмас» холдингі қазақстандық алтын өндірушілердің үштігіне кіреді. 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Алтыналмастың 13 еншілес компаниясы бар. Компанияның акционерлері голландиялық GOUDEN RESERVES B.V. (қарапайым акциялардың 60%), Владимир Жұманбаев (20%) Forbes нұсқасы бойынша 365 млн доллар байлығымен ең бай қазақстандықтар тізімінде 25-орында, Дияр Қанашев (10,5%) және Игорь Ветиул (6,5%).
Компанияның түпкі иесі, бақылаушы тарапы Trustee Pte Ltd болып табылады. Оның соңғы иелері ашық дереккөздерде жарияланбаған.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы ақпанда алтын өндірумен айналысатын «Алтыналмас» компаниясы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды пайдаланатын бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, сату және сақтауға лицензиясын жаңартты.