«Қазақмыс» корпорациясы Kounrad (Қоңырат) кенішінің қорын игерудің жаңа жобасын ұсынды. Құжатқа сәйкес мыс кен орнын 2024-2025 жылдары уақытша жабу көзделген.
«Тау-кен жұмыстарының күнтізбелік жоспарын әзірлеу үшін 94559,4 мың тонна тауарлық кен қоры және орташа мөлшері 0,34%, яғни 325 836 тонна мыс қабылданды. Бұл жоба 2024-2025 жылдар аралығындағы Kounrad кенішін уақытша консервациялауды ескере отырып, кен орнының қорын игерудің жалпы мерзімі 18 жылды құрайтын қорларды игеруді көздейді. Кен орнының өнімділігі жылына 6000 мың тонна руданы құрайды», – деп жазылған жоспарлы іс-шаралар туралы корпорация хабарламасында.
Топ 2008 жылы аталған кен орны жұмысын тоқтатқан. 2012 жылы «Қоңырат» мыс кенішіндегі тау-кен жұмыстарын қайта бастағандығын хабарлады. 2014 жылы корпорация кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасын дайындады. 2016 жылы металл бағасының күрт төмендеуіне байланысты кеніштегі жұмыс тоқтатылды. Кен орнындағы тау-кен жұмыстары 2017 жылдың шілдесінде қалпына келтірілді. Бірақ 2020 жылы қайтадан тоқтатылды.
2021 жылы корпорация «Қарағанды тау-кен-құрылыс кәсіпорны» мердігер ұйымының шағын габаритті технологиялық жабдықтарын пайдалана отырып, аталған кеніштерінің қорларды игерудің жаңа тау-кен жұмыстары жоспарын әзірледі. 24 жыл ішінде жылына 6 млн тонна руда, 127 млн тонна кен және 423,9 мың тонна мыс өндіру жоспарланған болатын. Корпорация 2022-2023 жылдары карьер түбін 287,5 метрге дейін су басып кетуіне байланысты 290 метр тереңдіктегі қорларды өндірді.
«Қоңырат» мыс кен орны – Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым жерде. Кен орнын алғаш 1927 жылы Михаил Петрович Русаков ашқан.
«Қазақмыс» корпорациясы – 70% және 30% «Kazakhmys Copper» арқылы Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарт талабын бұзғаны туралы хабарлаған едік.
Владимир Ким Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер қатарында. Ол тізімінде 4-ші орында тұр. Оның байлығы 3,6 млрд долларға бағаланады, сонымен қатар ол KAZ Minerals Ltd компаниясының 63,5%-ына және RBK Bank 89,79%-ына ие.
Эдуард Огай Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 13-ші орында. Оның активтері 3 800 млн долларға бағаланады.