Ташкентте «Курсив» ұйымдастырған ESG-форум басталды

Жарияланды

Бизнес, сарапшылар мен экологтар тұрақты даму қағидаттарын талқылайтын болады

«Ташкентте Курсив» басылымы ұйымдастырған «Бағадан байлыққа дейін. Тұрақты даму жолындағы экономиканың трансформациясы» аталатын ESG-форум басталды. Шараға ірі компаниялар мен билік өкілдері, сарапшылар шақырылған.

Форум барысында өтетін төрт сессия барысында түрлі тақырыптар талқыланады. Соның ішінде бизнесті дамытуда экологиялық құралдарға мән беру мәселесі де көтеріледі. Онда ESG стандарттарын Өзбекстанда енгізу мүмкіндіктері мен жасыл экономика ережелерін де талдау көзделген.

Сонымен қатар халықаралық даму инситуттарының тұрақты даму қағидасын ілгерілетудегі рөлі де талқыланады. Бұл сессияға қатысушылар Орталық Азия бойынша ACWA Power ұйымының вице-президенті және қаржы директоры Ахсен Саидпен бірге ESG саласындағы даму институттарының жұмысын талдайды. Бұл құрылымдардың қолдауына ие болу мүмкіндіктері сараланады.

Ал «ESG-тәжірибесінің шешім қабылдау процесіне ықпалы» тақырыбында өтетін сессияда корпоративті басқару ережелері мен бизнестің ауқымын кеңейту мен өсімге әлемдік тәжірибенің ықпалы сөз болады. Оған Coca-Cola компаниясының Орталық Азиядағы тұрақты даму және коммуникация, үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Нази Арипджанова қатысады. Сонымен қатар көптеген ірі бизнес өкілі де осы тақырыпты талдайды.

Форум тұрақты даму қағидаларын ілгерілету туралы талқымен аяқталады. Оған республикадағы іргелі басылымдардың журналистері мен бизнес өкілдері атсалысады. Сессияны ұйымдастырушылар қатарында ProTalks – Өзбекстан PR қауымдастығы бар.

Ташкентте басталған ESG-форумның платина демеушісі ACWA Power, алтын демеушілері – Coca-ColaHuaweiTBC Bank Uzbekistan және Payme. Ресми серіктесі UN Global Compact.

Сессияны тікелей эфирде Kursiv media YouТube-арнасында тамашалауға болады. Мәтіндік трансляция Telegramда  орыс және өзбек тілдерінде жүретін болады.  

Еске салайық, Алматыда Қазақстанның автомобиль нарығының барлық негізгі қатысушысын біріктіретін бірегей салалық форум – KURSIV/AUTO 2024 І тәуелсіз форумы өткен еді.

Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы автоөнеркәсіп саласында көптеген өзгеріс болмақ. Былтыр Қазақстанда 150 мың автокөлік шығарылды (ішкі нарықтағы сатылымның 75%-ы), ал қазақстандық 10 автокөліктің біреуі ғана шағын торапты жинақ әдісімен (CKD) шығарылады. ҚР Индустрия министрлігі биыл жыл соңына қарай CKD үлесі 20%-ға, ал 2027 жылға қарай 50%-ға жетеді деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз