Қытайлық компания Қостанайда құны 50 млрд болатын бидай өңдейтін зауыт салады

Жарияланды
KazFoodProducts бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысын қолға алады /kursiv.media

Қостанай облысында KazFoodProducts бидайды терең өңдейтін зауыт салмақ. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында инвестициялық жоба мақұлданды. «Baiterek Venture Fund» АҚ, Myande Group Co қытайлық компаниясы, KazFoodProducts агрохолдингі және Қостанай облысының әкімдігі өзара келісті. Жобаның құны 50 млрд теңгеден асады.

KazFoodProducts бас директоры Әлихан Қайратбектің айтуынша, жаңа Qostanay Grain Industry зауыты жылына 400 мың тонна бидай өңдейді. Зауыт аминқышқылдар, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебек өндіреді.

Жоспар бойынша «Qostanai Grain Industry» ЖШС жобасы 2027 жылғы желтоқсан іске қосылуға тиіс. Жаңа өндірісте 600 жаңа жұмыс орны ашылады.

Меморандум аясында Алматы облысында бидай мен жүгеріні терең өңдеу саласында көшбасшы «АзияАгроФуд» зауытына қолдау көрсетіледі. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 200 тоннадан 300 тоннаға дейін артады.

KazFoodProducts – агробизнес саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан ірі холдинг. Компания дәнді-дақылдар мен мал өсіруден бастап, экспортқа бағытталған жоғары сапалы дайын өнімге дейін әзірлейді және сатады.

«Төртжақты меморандум негізінде жүгері өңдеуді жылына 33 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, экспорттық әлеуетті арттырады. Сонымен қатар, қазақстандық кондитерлік кәсіпорындар отандық крахмалмен толық қамтылатады», – деді «KazFoodProducts» Бас директоры Әлихан Қайратбек.

Қазақстан қытайлық Suzhou Eavision Robotic Technologies Co компаниясынан интелектуалды дрондар сатып алмақшы. Бұл технологиялық өндірісті шаруалар ауыл шаруашылығы бағытындағы өсімдіктерді қорғау мақсатында пайдаланбақ. Қазақстан билігі Қытайдың ет қауымдастығымен де ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазақстан Қытайға жылына 2 млн тонна астық жеткізуге дайын. Әсіресе, ет өнімдерін, майлы және дәнді-дақылдар эскпортын ұлғайтуға мүдделі. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 «Егіншілікте смарт-жүйесін қолдануға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және  ауылшаруашылығы өнімдерін терең  өңдеуге айрықша назар аударылады. Осы орайда Қытайдың тәжірибесі мен технологияларын қолдануға нақты инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделіміз», – деді Президент.

Тоқаев былтыр Қазақстанның Қытайға экспорттаған ауылшаруашылығы тауары 2 есе өсіп, 1 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Бұдан былай да Қытай нарығына сапалы әрі табиғи ет өнімдерін, майлы және дәнді-дақылдар экспортын арттыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз