Маусым айында биржадан тыс сауда-саттықта банктердің доллар мен рубльге деген сұранысы артқан. Ал еуроны сату мен сатып алу көрсеткіші үш есе кеміген. Бұл туралы Ұлттық банктің биржадан тыс операциялар туралы статистикасында жазылған.
Мамыр айында қазақстандық банктер 8,7 млрд теңгеге доллар сатып алып, 9 млрд теңгеге тең көкқағаз сатқан. Ал маусым айында 10 млрд теңгеге доллар сатып алса, 9,5 млрд теңгеге сатқан. Яғни доллармен сатып көлемі бір айда 15 пайыз өсіп, сату 6,2 пайыз азайған.
Мамырда доллар 443,66 теңгеден сатып алынып, 443,71 теңгеден сатылған. Ал маусымда 457,46 теңгеден сатылған.
Рубльге деген сұраныс артты
Маусым айында бүкіл банктердің рубльді сатып ал көлемі 12,8 млрд рубльді құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда үштен бір есе (9,4 млрд рубль) есе көп. Соның ішінде қазақстандық банктер шетелдік банктерден рубль сатып алуды 50 пайызға арттырған. Мамыр айында шетелдік банктерден 8,5 млрд рубль сатып алынса, маусымда ол 12,2 млрд теңгеге жеткен.
Ал биржадан тыс нарықта рубльді сату көрсеткіші сәл төмендеген. Мамырда банктер 3 млрд рубль сатса, маусымда 2,8 млрд рубль сатқан.
Еуро мен юаньға деген сұраныс азайды
Маусым айында еуро сатып алу-сату бойынша банкаралық операциялар мамырмен салыстырғанда үш еседей қысқарды. Маусында банктер 17,5 миллион еуро сатып алып, 16,3 млн еуро сатқан. Салыстырар болсақ, алдыңғы айда биржадан тыс нарықта еуроға деген сұраныс әлдеқайда жоғары болғаны байқалады. Мамырда банктер жалпы 47,6 миллион еуро сатып алып, 46,7 миллион еуро сатқан.
Сонымен қатар, юаньді сатып алу көлемі маусым айында 131,5 миллион юаньға тең болды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 6,6 есе аз. Маамырда банктер жалпы 864,8 миллион юань сатып алған. Юаньді сату көлемі де қысқарып, 119,6 миллион юаньді құрады.
2024 жылдың наурыз айында ресей рублін биржадан тыс сатып алу 2,5 есе азайған. Ал АҚШ долларына деген сұраныс 14%-ға қысқарған болатын.