Қазақстандық жас шахматшылар халықаралық спорт ойындарынан 1 алтын, 2 күміс медаль алып келді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
шахматы
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық 4 шахматшы «Азия балалары» VIII жазғы халықаралық спорт ойындарында қатысып, 1 алтын және 2 күміс медальмен оралды. Алан Петухов алтын алса, Даниял Сапенов пен Айару Алтынбек күміс медаль жеңіп алды.

Халықаралық спорт ойындары Саха Республикасының астанасы Якутск қаласына өткен.

«Даниял Сапенов (2339) және Алан Петухов (2181) рейтингтік фавориттер болып барды. Ойын барысында екеуі де фаворит мәртебесін растай алды. 7 елден келген 17 басқа қатысушылармен бәсекелестікте екеуі де Швейцариялық жүйедегі 9 турлық қашықтығын жеңіліссіз аяқтады, тек Даниял үшін «артық» тең ойын бірінші орынды алуға мүмкіндік бермеді», – делінген хабарламада.

Ақтөбеден келген жас шахматшы Алан Петухов 9 ұпайдан 7 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Қарағандылық Даниял Сапенов 6½ ұпай жинап 2-ші орынға тұрақтады. Үшінші орынды дәл осындай нәтижемен бірақ Бухгольцтің «қысқартылған» коэффициенті бойынша ұтылып алған қырғызстандық Эмир Шаршенбеков (2042) алды.

Фото: ҚШФ

7 елден 15 қатысушы ойнаған қыздар арасында рейтингі жоғары Диана Хафизова (2119) болды. Жеңіс сол 14 жастағы мәскеулік қызға бұйырды.  Екінші орынды 13 жасар астаналық Айару Алтынбек (1928) алды.  

Үш медаль иегері де Қазақстан шахмат федерациясы жүзеге асыратын 9-16 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының үздік шахматшылары үшін Жас таланттарды қолдау бағдарламасына кіреді: Сапенов демеушілік қолдаудың «алтын» пакетінің иегері болса, Алтынбек Айару – «күміс» және Петухов – «қола» пакеттерінің иегерлері.

«Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары жазғы және қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер арасында жеке және командалық спорт түрлерінен өткізіледі.

Бұған дейін үш қазақстандық Грузияда өткен шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында жеңіске жеткен. болатын. 23 маусым мен 2 шілде аралығында Батумиде 8 бен 12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында шахмат тарихындағы бірінші ФИДЕ әлем кубогы (FIDE World Cup Under 8 – 1) өтті. Оған 288 жас шахматшы қатысқан, оның ішінде 20 қазақстандық бар. Олардың үшеуі бірінші орын тұғырынан көрінді.

Сондай-ақ оқыңыз