Астана, Алматы, Қарағанды мен Көкшетауда террористік қауіптің «сары» деңгейі алынып тасталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
СГО
Бірқатар өңірде террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды / Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты террористік қауіптің «сары» деңгейі алынып тасталды.

Қазақстан терроризмге қарсы орталығының хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты шетел басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекет күзет қызметінің басшылығы аймақтардағы терроризмге қарсы операция режимін алып тастау туралы шешім қабылдаған. 

«Президенттің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі алып тасталады», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік күзет қызметі мен әскериі құрылымдар штаттық режимдегі жұмысқа көшеді.

Айта кетейік, Астанада тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтті. Саммитте Беларусь мемлекеті ұйымының толыққанды мүшесі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде ұйымның маңызды міндеттерін атады. Мемлекет басшысы әскери саладағы сенім туралы келісімдерді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды. Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне де айрықша мән берді.

Сондай-ақ саммитте Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып сайланды.  

Сондай-ақ оқыңыз