Еуропалық одақ Қытайдан әкелінетін электромобильдерге уақытша баж салығын енгізді

Жарияланды 5 Шілде 2024 12:03

(жаңартылды 5 Шілде 2024 12:04)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Қытай көліктеріне баж салығы
Баж салығы мөлшерлемесі 48%-ға дейін көтерілеуі мүмкін / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Еуропалық комиссия Қытайдан әкелінетін электр көліктеріне ресми түрде уақытша қосымша баж салығын енгізді, деп жазылған Еуропалық комиссия хабарламасында.

«Арнайы зерттеу жүргізілді. Оның негізінде Қытайдағы электр көліктерінің құн тізбегі әділетсіз субсидиялардан пайда көреді деген қорытындыға келді. Ол Еуропалық Одақтағы электромобиль өндірушілеріне экономикалық зиян келтіреді деген қорытындыға келді», – деп жазылған хабарламада.

Комиссияның шешіміне сәйкес, қосымша баж салығы Қытайдың үш электр көлігі маркасына жеке әсер етті. BYD бренді үшін қолданыстағыдан жоғары баж салығы 17,4%, Geely үшін – 19,9%, SAIC бойынша – 37,6% деңгейінде белгіленген. Мемлекеттік субсидияларды тергеу кезінде ынтымақтасқан басқа қытайлық брендтердің электромобильдеріне енді 20,8% қосымша салық салынады. Басқа брендтерге баж салығы 37,6%-ды құрады.

Bloomberg тариф мөлшерлемелері 48%-ға дейін көтерілетін хабарлады. Бұл болашақта ЕО-ның Бейжіңмен сауда қарым-қатынасында шиеленіс тудыратынын атап өтті. Уақытша шаралар 5 шілдеде күшіне енеді. ЕК қараша айында Қытай үкіметінің субсидияларына қатысты тергеу аяқталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылдайды.

3 шілдеде Reuters агенттігі үкіметтегі атын атамаған дереккөздерге сілтеме жасап, Еуропалық одақ елдерінің барлығы бірдей баж салығы туралы шешімді қолдап отырған жоқ, деп жазды. Қолдаушылар қатарында Франция, Италия және Испания бар. Ал күмәнданушылар арасында Германия, Польша, Грекия және Чехия болды.

Бұған дейін Қытайлық автоөндірушілер еуропалық көліктерге 25% салық енгізуді талап еткен.

Еске сала кетсек, бүгінде Қытай автонарығы тұралап тұр. Сондықтан Аспан асты елі билігі ішкі нарықта көлік саудасын ынталандыру үшін ескі автолар экспортын арттырады. Бұл туралы KURSIV/AUTO 2024 форумында Автокөлік нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискарян айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз