Алматыдағы фестивальдер маусымы: жазғы демалысты қалай өткіземіз?

Жарияланды 5 Шілде 2024 15:41

(жаңартылды 5 Шілде 2024 15:41)
post.authors.0.name

Айшолпан Керім

No Position Available No Email Available

Алматыдағы фестивальдер маусымы / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жаз бастала салысымен алматылық жастары үшін әр демалыс сайын түрлі фест ұйымдастырылады. Бірі қайсысына барарын білмей, таңдай жасадан қиналса, ендібірі мұндай фестер болатыны жайлы естімей, қызықтан қалып жатады. Алматы жазын фестивальдерсіз елестету қиын. Сондықтан Kursiv.Media қалған екі айда болатын қызық фестивальдер тізімін әзірледі. Қапы қалмаңыз!

Rock Tobe Fest – 6 шілде

Рок жанрын ұнататындар үшін 6 шілде күні Алматыда Rock Tobe Fest шарасы өтеді. Мәдени іс-шара «Көк Төбе» мәдениет және демалыс саябағында өтпек. Жарқын рок пен драйвқа толы кешкее барып, керемет эмоцияға бөленіңіз. 

Шара 15:00-де басталады. Кіру тегін. 

Toyla Music Festival – 13 шілде

Ал одан кейінгі демалыста, яғни 13 шілдеде Алматы маңындағы Первомай тоғанында Toyla Music Festival өтеді. Ұйымдастырушылар бұл ауқымды, заманауи музыкалық той боп өтеді деп отыр. Шара жаздың жарқын естелігіне айналады.

Ұйымдастырушылар биылғы Toyla Music Festival-дің ауқымы кеңейе түседі дейді. Биыл шарада халықаралық хедлайнерлер, қазақстандық артистер, маркет, танымал ресторандардан құралған фудкорт және фестиваль серіктестері ұйымдастырған ойын-сауық алаңқайлары болады.

Шарада Иван Дорн, Zoloto, Dose, Menindenimsaw және басқалары өнер көрсетеді.

Билет құны 15 000 теңгеден басталады. 12 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін (жанында ата-анасы болуы керек).

Билеттерді ticketon.kz сайтынан ала аласыз.

Celentano Retrobar ұсынған ретрокеш – 14 шілде

Celentano ретробары шілде кешін көңілді етеді. 14 шілдеде сүйікті әндеріңізді тыңдап, ырғақты әуенге билеп, көңіл көтеріп қайта аласыз. Бұл шара осымен төртінші рет өткелі отыр. 

Қонақтар үшін әдемі кеште Modern Talking/ Thomas Anders, MR. Credo, «Фактор 2» тобы, «Технология» тобы, «Комбинация» тобы, Doctor Alban, Мюзикола / Карина Абдуллина, Дильназ Ахмадиева, Danzel, Bosson өнер көрсетеді.

Шара «Медеу» БСК-де өтеді. Басталатын уақыты: 18:00. Билеттерді zakazbiletov.kz сайты арқылы сатып алуға болады, құны 6300 теңгеден басталады.

IQ BBQ фестивалі – 24 тамыз

Көңіл көтеріп, әрі пайдалы уақыт өткізуді қаласаңыз, 24 тамыз күні Yandex Qazaqstan ұйымдастырған IQ BBQ фестиваліне бару туралы ойланып көріңіз. Шарада күні бойы әлемге танымал ғалымдармен бейресми жағдайда әңгіме құрып, ашық аспан астында түрлі кәсіпкерлер мен өнер адамдарымен кездесе аласыз. Бұл – ғылыми-музыкалық фестиваль.

Фестивал ұйымдастырушылары келушілер болашақтың технологиясымен танысып, жасанды интеллект пен роботтармен сөйлесіп, адамзаттың қашан Марсқа қоныстатынын және жасанды интеллект кімнің орнын баса алатынын, ал биткоиндар жаңа валютаға айналып-айналмайтынын біле алады деп уәде беріп отыр.

Шараның лекторлық бөлімінде танымал адамдар сөз сөйлейді:

  • Лоуренс Краусс – американдық астрофизик, Аризона штатының Origins жобасының директоры.
  • Ұлан Үсенов – химик-тиктокер және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
  • Александр Панчин – жазушы, ғылыми журналист. 
  • Михаил Гельфанд – биологиялық ғылымдар докторы, Academia Europaea мүшесі.
  • Александр Крайнов – Яндекстің жасанды интеллектіні дамыту бойынша директоры. 

Сонымен қатар шарада бұдан өзге 20-дан аса ғылым мен технологиялық бизнес өкілдері мен өнер қайраткерлері бой көрсетеді.

IQ BBQ фестивалінің музыкалық хедлайнерлері – Ирина Кайратовна, Moldanazar және әзірге ұйымдастырушылар есімін құпяи ұстап отырған тағы бір қонақ бар.

Шарада лектория, музыкалық сахна, фудкорт, инсталляциялар, роботтар көрмесі, интерактивтік аймақ, балаларға арналған шеберлік дәрістер (лего, жазғы ойындар және басқасы), спорттық аймақ болады.

Билеттерді sxodim.com сайтынан алуға болады, құны 8960 теңгеден басталады. 

Сондай-ақ оқыңыз