Жаңалықтар

Арыс әскери бөлімінде газдан уланған екі жұмысшы мен бір әскери адам қаза тапты

Спасатели РК
Фото: ҚР ТЖМ архивінен

Арыс әскери бөлімінің аумағында кәріздегі газдан уланған үш адам қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша кәріз жүйесін тазалаған уақытта оқыс оқиға болды. Екі азамат пен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін бір әскери қызметші құдыққа құлаған адамды құтқару кезінде мерт болды.

«Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші  Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады ведмство.

Аурухана түскен адамдар ауыр халде жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімі ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», – делінген министрлік сайтында.