«Көшірме туындылар көбейіп кетті»: Аукцион үйі Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының сараптама жұмысына күмән келтіреді

Жарияланды 5 Шілде 2024 18:29

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Аукционный дом подозревает Музей Кастеева в некачественной экспертизе
BonArt аукцион үйі көрнекті шеберлердің көшірме туындылары көбейіп бара жатқанын айтады / Фото: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

BonArt аукцион үйі көрнекті шеберлердің көшірме бұйымдары көбейіп бара жатқанын және оған Ә.Қастеев мұражайы сапасыз сараптама жасады деп күдіктенеді. Бұл жайында BonArt аукцион үйі  әлеуметтік желіде пост жариялады.

Аукцион үйі мен ірі арт-дилер BonArt әлеуеттік желіде Қазақстанның көркем-шығрмашылық саласындағы мәселелерді көтеріп, бірқатар жазба жариялады. Оның кейбірі Ә.Қастеев атындағы мұражайға қатысты. Аукцион үйінің басшысы Максим Ткаченконың айтуынша, мамандар картиналарға сапасыз баға беріп отыр. Мысалы, сарапшылар Калмыковтың «Аспан арбасы» атты туындысын зерттеуден бас тартқан, нәтижесінде сараптама үшін Мәскеуге жүгінуге мәжбүр болған. Тағы бір жолы, BonArt басылымының жазуынша, картинаның авторы қате анықталған – Сабур Мәмбеевтің орнына Жаңатай Шәрденовті көрсеткен.

Максим Ткаченко Ә.Қастеев мұражайы өнер туындыларына бүгінгі таңда сапалы сараптама жүргізе алмайды деп есептейді. BonArt басшысы Kursiv LifeStyle редакциясына мәселенің себептерін түсіндіріп берді.

«Мәселе мынада, Қастеев мұражайы кеңес заманынан бері жұмыс істеп тұрған зертхананы жауып тастады.Онда рентген, микроскоп, ультракүлгін сәулелер болды.  Бүкіл әлемде елордалық мұражайларда осы зертханалар бар. Керек десеңіз оларды жаңартып отырады«,– деп түсіндірді ол.

Сараптама алу үшін BonArt Мәскеудегі Репин атындағы көркемдік сараптама орталығына (TSHE) жүгінеді. Ткаченконың айтуынша, ондағы бағалау сапасы әлдеқайда жоғары.

«Қастеев мұражайындағыны негізінен, сараптама деп атауға болмайды. Бұл көркем-өнер талдауы. Олар суретте не бейнеленгенін, оның көркемдік қасиеттерін, суретшінің қосқан үлесін сипаттайды Егер сіз Мәскеудегі Репин атындағы ТСХИ сараптамасымен таныссаңыз, онда толық технологиялық сараптама бар екенін көресіз«,-деді аукцион үйінің басшысы Максим Ткаченко.

Сондай-ақ, BonArt сарапшылардың және басқа мекемелердің кәсіби шеберлігіне күмән келтіріді. Ткаченконың айтуынша, көшірме туындылар Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына түседі. Ал онда қажетті техникалық құрал-жабдықтардың жоқтығынан оларды түп нұсқадан ажырату немесе өнер туындыларына дұрыс баға беру мүмкін емес.

«Көшірме немесе түпнұсқа емес туындылардың барлығы Қастеев мұражайына немесе Суретшілер одағына  түседі. Ол жерде барлығын растайды, өйткені онда зейнеткерлер  жұмыс істейді. Қастеев мұражайы мұның бәрін көріп тұр, бірақ әрекет етпейді. Біз барлық мәселені көріп біліп отырмыз.  Себебі көшірме жасайтындар делдалдар арқылы сататды, өздері  көрінбей,  бұл істе жасырынуға тырысады. Ал делдалдар оларды бізге әкеледі, өйткені біздің нарықта айтарлықтай орнымыз бар. Нәтижесінде қаншама түпнұсқа емес туындылардың барына куә болып жатырмыз»,-дейді спикер.

Дегенмен, әр картинаның түпнұсқалығын дәлелдеу немесе жоққа шығару мүмкін емес – картиналар сатып алынуы керек дейді спикер. Содан кейін ғана Мәскеуге сараптамаға жіберіп, кейін көшірме жасайтындар мен делдалдарды сотқа беруге болады. Ал бұл үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Сондықтан, BonArt тек «күмән келтіретінін» мәлімдейді, өйткені мәселе күрделі.

BonArt басшысы Қазақстандағы арт-өнер нарығы құлдырап кетпей тұрғанда тым көбейіп кеткен жалған көшірме туындылар мен сапасыз сараптамаларды тоқтату керектігін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз