Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында қазақстандықтарды құттықтады.
«Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!» – деп жазды Тоқаев.
Президент 2018 жылы шілденің алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп жариялады. Содан бері атаулы күні республика бойынша мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Домбыра көне аспап болып есептеледі. Ғалымдар Қазақстанда табылған балбал тасқа қашалған суреттерді зерттеп, аспап 6 000 жыл бұрын қолданыста болды деп тұжырымдаған.