Астанадағы әкімшілік ғимаратына тиесілі қазандық өртенді: зардап шеккендер жоқ
Астана қаласы Есіл ауданының әкімшілік ғимаратына жапсарлас тұрған қазандық өртенді.
Оқиға орнына келіп жеткен бригада 15 минут ішінде өртті сөндірді.
Газ-ауа қоспасы жарылған соң, қазандықтың 5 шаршы метр алаңы отқа оранды, одан кейін панельдер құлады. Төтенше жағдай миснистрлігі зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Өрттің себебі анықталады.
Сол күні таңертең Алматыда кәуәп дайындайтын орын өртенді. Бостандық ауданындағы мейрамхана аумағында тұрған нысан отқа оранды. ТЖМ күштері жақын орналасқан нысандарды жалыннан сақтап қалды. Өрт 17 минут ішінде сөндірілді.
Айта кетейік, 22 маусым күні «Хан Шатыр» маңындағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің ғимараты өртенді. Үйдің 2-қабатынан бастап 26-қабатқа дейінгі қабырғаның сыртындағы қаптама отқа оранды. Өрт сол күні сөндірілді.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үй тұрғындарымен кездесіп, оларға көмектесу үшін арнайы комссия құрылатынын айтты. Бірақ кейін қала әкімдігі үйді қалпына келтіруге бюджет қаражаты бөлінбейтінін хабарлаған.