Елорда тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 26 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Елорда тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 26 жылға бас бостандығынан айырылды / архив kursiv.media

Астана қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін алдымен 20 жылға, кейіннен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК ақпараты бойынша, 11 маусымда Астанада мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқан азамат 6 жылға сотталды.

Осыған дейін 2024 жылдың ақпанында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік іс-әрекетті ұйымдастыруға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

«Тергеу изоляторында болған кезде ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және тұтқындарға терроризм идеологиясын наисихаттауға тырысты», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жақында, яғни 3 және 7 маусымда Шымкентте екі жергілікті тұрғын тероризмді насихаттағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ Алматы әуежайында шетелдегі террорлық ұйымға қосылуды көздеген азамат ұсталды. ҰҚК-нің хабарлауынша, бұрын ол ұрлық, зорлау фактісі бойынша және кісі өлтіргені үшін сотталған. Сонымен қатар террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.

Тәжікстан азаматы елордада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған «М» өз бетінше астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген. Сонымен қата өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.

Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары «Терроризмді насихаттау», «Терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз