Қостанай облысында салынған ауыл амбулаториясын қабылдап алу үшін авторлық қадағалау тобының басшысы 9 млн теңге пара бопсалаған. Қаржы мониторингі агенттігі осы іс бойынша тегеуді бастады.
Бұл амбулатория «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынған. Нысанды пайдалануға беру үшін авторлық қадағалау тобының рұқсаты керек. Ал авторлық қағалау басшысы құжаттарына қол қойып беру үшін құрылыс компаниясының бас инженерінен 9 млн теңге пара алған.
«Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігі шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды», – деп жазылған хабарламада.
Күдікті пара алып жатқан жерінен ұсталған. Оның сұраған «сыйақысы» салынған амбулатория құнының 1 пайызын құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қаржы мониторингі агенттігі бұған дейін гидротехника нысандарын күтіп-ұстауға бөлінген 1 млрд теңгенің жымқырылғанын анықтаған. Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облысында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асқаны хабарланды.