Carlsberg ірі сыра концерні британдық Britvic компаниясын сатып алады
Даниялық сыра концерні Carlsberg британдық алкогольсіз сусын өндіруші Britvic компаниясын 3,3 миллиард фунт стерлингке (4,2 миллиард доллар) сатып алады.
Carlsberg баспасөз хабарламасында Britvic компаниясы директорлар кеңесімен мәміленің шарттарын келісіп, оны компания акционерлеріне бірауыздан ұсынуға ниетті екені жазылған.
Carlsberg бір Britvic-тің акциясы үшін £13,50 төлейді. Бұл олардың нарықтық құнынан 36% жоғары. Carlsberg-тің алдыңғы екі ұсынысын директорлар кеңесі қабылдамаған болатын. Компания қарызын қосқанда келісім құны 4,1 миллиард фунт стерлингті құрайды.
Britvic бірқатар жеке брендтерге, сондай-ақ Ұлыбритания мен Ирландияда PepsiCo сусындарын өндіру және сатуға арналған эксклюзивті құю құқығына ие. Оны сатып алу Carlsberg-ке Батыс Еуропадағы позициясын жақсартуға мүмкіндік бермек.
Дүйсенбі, 8 шілде, күнгі сауда-саттықта Britvic акциялары4,8%-ға өссе, ал Carlsberg акциялары 3,2% қосты.
Carlsberg Grouр 2008 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі сыра зауыттарының бірі – Carlsberg Kazakhstan компаниясына иелік етеді. Ол 1998 жылы «Ақ Нар» деген атаумен құрылған. Кейіннен Ирбис зауытымен қайта құрылып, «Дербес» деп аталды. Содан соң халықаралық Carlsberg Group құрамына кірді.
Мамыр айында Carlsberg Kazakhstan ресейлік серіктесі «Балтикамен» арадағы зияткерлік құқыққа қатысты дауда жеңіліп қалды.