Қазақстанның қай қаласында тұрғын үй қымбаттады?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қай қалада баспана қымбаттады? Фото: kursiv.media

Қазақстанда жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 488,3 мың теңгені құрайды. Астана мен Алматы, Шымкент қаласы көш басында тұр. Астана қаласында баспананың бір шаршы метрі 584,4 мың теңге тұрады. Одан кейінгі орында келе жатқан Алматы мен Шымкентте баға сәйкесінше 567,6 мың және 420,8 мың теңгені құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым айында еліміздің үш қаласында тұрғын үй қымбаттаған. Олар: Астана, Шымкент, Павлодар. Бұл қалаларда тұрғын үй бағасы 0,3-0,9 пайыз аралығында қосқан. Ал Көкшетау мен Қарағанды қаласында тұрғын үй бағасы сәл арзандады.

Сонымен қатар Ақтау (409 мың теңге) және Атырау (394 мың теңге) қалаларында тұрғын үй бағасы көтерілгені байқалды.

Павлодарда тұрғын үйдің шаршы метрі 347,8 мың теңге болса, Қарағандыда 367,1 мың теңгеге сатып алуға болады. Ақтөбе (280,5 мың теңге), Орал (287,8 мың теңге) және Көкшетау (306,6 мың теңге) қалаларында баға салыстырмалы түрде төмендеу.

Қайталама нарықтағы үйлердің бағасы да арзан емес. Республика бойынша қайталама нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі орта есеппен 509,5 мың теңгені құрайды. Алғашқы үштікке Астана (637,7 мың теңге), Алматы (591,5 мың теңге), Атырау (429,1 мың теңге) қаласы кіреді.

Жалдау бағасы қандай?

Астана мен Шымкентте жалға берілетін пәтерлер бір жылда 13 пайызға қымбаттаған. Бір жылда Талдықорған, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған (3,6 мың теңге) және Атырау қалаларында жалға беру құны 20%-дан астамға өсті.

Астанада жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрі 4,3 мың теңгеге тең. Ал Алматыда 5,1 мың теңге тұрады. Одан кейінгі Қарағанды ​​(3,9 мың теңге), Атырау және Шымкент (3,4 мың теңге) қаласы келеді. Таразда, Түркістан мен Қызылордада үй жалдау салыстырмалы түрде арзан.

Сондай-ақ оқыңыз