Жаңалықтар

Бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең ұзақ раллиді Tesla акциялары жасады

Сейсенбі, 9 шілдеде, Tesla акциялары тағы 4%-ға өсті / Фото: REUTERS/Agustin Marcarian

Tesla электромобиль өндірушісінің акциялары оныншы күн қатарынан өсіп келеді. Бұл бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең ұзақ «жеңісті мерзім» болды. Осының арқасында Tesla қайтадан ARK Innovation ETF қоры құрылымында бірінші орынға шықты.

Толығырақ

Tesla осы жеңісті раллинің арқасында биыл инвесторларын шығыннан алыстатты деп жазады The Wall Street Journal. 9 шілде компания құны тоқтаусыз артып жатқан оныншы күн болды. «Бұл – бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең ұзақ «жеңісті мерзім»», – дейді The Wall Street Journal. Он күн ішінде компания акциялары 44%-ға қымбаттады.

Сейсенбі, 9 шілдедегі, негізгі сауда сессиясында Tesla акциялары 3,7%-ға өсіп, желтоқсанның соңынан бергі максимумды жаңартты.

ARK Innovation ETF құрылымында Tesla қайтадан алға шықты

Акциялар раллиі электр көлігін өндірушіні активтері 6,2 млрд долларды құрайтын Кэти Вудтің жетекші биржалық инвестициялық қорындағы ең салмағы басым компанияға айналдырды. Bloomberg жинаған мәліметке сәйкес, ARK Innovation ETF-нің 15,4%-ы Tesla-ға тиесілі. Илон Масктың компаниясы осы қордағы үлесі 9,1% Roku мен үлесі 8,5% Coinbase Global-ды басып озды.

«Бағаның өсу аспектісі, сөзсіз, орасан зор катализаторға айналды, – деді Bloomberg агенттігіне Strategas компаниясындағы ETF жөніндегі стратег Тодд Сон. – Әдетте олар Tesla үлесін 10-11% шегінде ұстайтын, ал қазір өсуіне мүмкіндік беріп отыр».

Вудтың Tesla-ға деген сенімі мызғымас күйінде қалып отыр. Маусым айында ол Tesla акциялары бойынша өзінің мақсатты бағасын 2029 жылға қарай 2600 доллар деп жаңартты.

Tesla акциялары неге өсіп жатыр?

Түрткі болған тоқсандық сатылым есебі еді. Көрсеткіштер жеткізілімнің сарапшылар күткеннен әлдеқайда аз төмендегенін айтады. Tesla акцияларының раллиі басталар алдында бірқатар ірі хеджқор олардың бағасы төмендейді деген есеппен қысқа позициялар ашқан деп хабарлайды Bloomberg 8 шілдеде, Hazeltree дерек жеткізушісіне сілтеме жасай отырып. Ақырында, S3 Partners мәліметі бойынша, Tesla-ның екінші тоқсандағы жеткізілім туралы есебі жарияланған сәттен бастап екі сауда күнінде шортшылар ағымдағы нарықтық баға бойынша компания акцияларына қатысты мәмілелерден шамамен 3,5 млрд доллардан қағылған.

Morgan Stanley сонымен қатар Tesla Energy электр станциялары жобасының жетістіктеріне де назар аударады. Осы бизнесі Tesla-ны 130 млрд долларға немесе әр акциясын 36 долларға қымбаттады деп біледі сарапшылар.