Жаңалықтар

G7 елдері Ресейдің бұғатталған активтеріне тиіссе, Сауд Арабиясы еуропалық қарыздың бір бөлігін сатуы мүмкін

Сауд Арабиясы
Сауд Арабиясы Ресей активтерін пайдалануды қолдамай ма? Фото: shutterstock.com

Үлкен жетілікке (G7) кіретін елдер Ресейдің тыйым салынған 300 млрд доллар активін алатын болса, Сауд Арабиясы еуропалық қарыздың бір бөлігін сатуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі өз дерекөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сауд Арабиясының Қаржы министрлігі Ресей активтері есебінен Украинаны қолдауға келіспейтінін білдірген. Агенттік дереккөзі мұны жасырын қауіп ретінде сипаттайды. Сауд Арабиясының пікірі Ресей Банкінің қаражатын пайдалану бойынша G7 ұстанымына әсер еткен сыңайлы. Үлкен жетілік елдері активтерге тиіспей, бірақ олардан түсетін пайданы пайдалануға келіскен болатын.

Bloomberg басылымы сонымен қатар корольдіктің еуро мен француз облигацияларының қоры қазіргі жағдайға айтарлықтай әсер ететіндей үлкен емес екенін, бірақ еуропалық шенеуніктердің әлі де облигацияларды сатудан сақтанып отырғанын атап өтеді.

ЕО елдері мен G7 2022 жылдан бастап Ресейдің тыйым салынған активтерін пайдалану мәселесін талқылап келеді. Financial Times дерегінше, Құрама Штаттар одақтастарын қаражатты тәркілеу жолдарын зерттеуге итермелейді. Алайда Германия, Франция және Еуропалық Орталық банк мұны қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп санайды.

Сонымен бірге ақпан айының басында Еуропалық кеңес Еуропалық комиссияның арнайы ұсынысын мақұлдады. ЕО елдері Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін пайданы бөлек тіркеуге келіскен болатын. Енді Ресейдің еуропалық депозитарийлерде бұғатталған активтерінен түскен пайда екі жыл сайын Украинаны әскери қолдауға жұмсалмақ.

Қаражаттың 90%-ы Еуропалық Бейбітшілік қорына, тағы 10%-ы Украинаны қолдау және Еуропалық Одақтың қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.

ЕО шектеу шаралары Украинаға одан әрі әскери қолдау көрсету, сондай-ақ оның қорғаныс өнеркәсібінің қуатын арттыру мен қайта құру үшін пайдаланылады.