Израильдің босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылынан Газа аймағында 29 адам қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Газа аймағында әуе шабуылынан 29 босқын қаза тапты / Reuters, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Газа аймағының оңтүстік бөлігінде орналасқан мектеп ішіндегі босқындар лагеріне жасалған Израильдің әуе шабуылынан кем дегенде 29 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды.

BBC ақпаратына сүйенсек, «Хамас» террористік ұйымы басқаратын Газа аймағының денсаулық сақтау министрлігі Абасан әл-Кабира қаласындағы әл-Авда мектебіне әуе соққылары жасалған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, әуе шабуылы кезінде аймақта көптеген босқын болғанынан шығын да көп болған. 21 жастағы Айман әл-Дамма ВВС-ге берген сұхбатында мектеп маңындағы базар мен тұрғын үйлер орналасқан ауданда 3000-ға жуық адам жиналғанын айтқан. Құрбан болғандардың санын «нақты есептеу» мүмкін болмаған.

7 қазан күні Газа аумағында билік құрып келе жатқан «Хамас» ұйымы Израильге шабуыл жасады. Кейіннен Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.  

7 қарашада Антониу Гутерриш Газадағы жағдайды «адамгершілік қағидаларының дағдарысы» деп бағалады. Қарулы қақтығыстың жалғасуы жазықсыз адамдардың өмірін жалмап жатқанын айтқан. БҰҰ хабарлауынша, Газа аймағында 10 000-ға жуық адам қайтыс болған.

Палестина-Израиль қақтығысы басталғалы бері Газа аймағында қайтыс болған азаматтардың саны 5 ай ішінде 30 000 асты. Ақпаратты Газа денсаулық сақтау органдарының өкілдері жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз