АҚШ Энергетика министрлігі Қазақстанның мұнай өндіруге қатысты болжамын төмендетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Болжам бойынша, 2024 жылы Қазақстанда тәулігіне 1,92 млн баррель сұйық көмірсутегі өндіріледі / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

АҚШ Энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) Қазақстандағы 2024-2025 жылдарға арналған сұйық көмірсутегі өндіру көлеміне қатысты болжамын төмендетті.

Ведомствоның шілде айындағы болжамына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда тәулігіне 1,92 млн баррель сұйық көмірсутегі өндіріледі. Маусымда бұл көрсеткіш тәулігіне 1,95 млн баррель болған.

Бұл ретте 2024 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру болжамы тәулігіне 2 млн баррель (маусымда – 2 млн баррель) болмақ. Ал екінші тоқсанда – 1,95 млн баррель (маусымда – 1,93 млн баррель), үшінші тоқсанда – 1,87 млн ​​баррель (маусымда – 1,93 млн баррель), төртінші тоқсанда – 2 млн баррельді (маусымда – 1,95 млн баррель) құрайды.

Құжат бойынша, 2025 жылы Қазақстанда сұйық көмірсутегі өндіру тәулігіне 2,02 млн баррельді құрайды. Маусымдағы болжам бойынша 2,08 млн баррель еді. Оның ішінде бірінші тоқсанда 1,97 млн ​​баррель (маусым – 2 баррель), екінші тоқсанда – 1,98 млн баррель (2,11 млн баррель), үшінші тоқсанда – 2,03 млн баррель (2,01 млн баррель), IV тоқсанда – 2,09 млн баррель (2,19 млн баррель).

Еске сала кетсек, Қазақстан 2024 жылы мұнай өндірісін 90,3 млн тоннаға дейін арттырмақ.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылдың соңына қарай республикада іс жүзінде 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірілген жеткізді. Бастапқыда бұл көрсеткішті 93 миллион тоннаға жеткізу жоспары болған.

Министрдің айтуынша, жоспардың орындалмауына мұнай кәсіпорындарындағы жөндеу жұмыстары ықпал еткен. Сонымен қатар ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның өз міндеттемелерін орындауы себеп.

Сондай-ақ оқыңыз