Алматы қаласының кейбір ауданында 11-12 шілде күндері жол қозғалысына шектеу қойылады

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда 11-12 шілде күндері жол қозғалысы шектеледі / фото kursiv.media

11-12 шілде күндері Алматы қаласында көшелер ішінара жабылуы мүмкін. Себебі Үкіметаралық комиссия жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматы полициясы.

«Алматы қалалық полиция департаменті 2024 жылғы 11-12 шілдеде Үкіметаралық комиссияның жұмыс істеген кезеңде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды. Кейбір аудандарда көлік қозғалысының бағыты өзгертілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтардан шектеулерге түсіністікпен қарауды және маршрутты алдын ала реттеуді сұрайды.

Шілде айының басында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. ШЫҰ кезінде астаналық полицейлер де жолдың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысын уақытша шектеді.

Сондай-ақ оқыңыз