10 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар теңгеге шаққанда сәл арзандады

Жарияланды (жаңартылды )
Сәрсенбіде доллар теңгеге шаққанда сәл арзандады/ kursiv.media

Қазақстан қор биржасында теңгенің АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 478,20 теңгені құрады.

9 шілде күні 1 доллар 480,77 теңгеге тең болған. Доллар бағамы 9 шілде күнгі көрсеткіштен 2,57 теңгеге арзандады.

KASE мәліметі бойынша, 10 шілде күні АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 169 305,51 мың долларды құрады.

Биржада ең төменгі бағам 477,31, ең жоғарғы бағам 479,50, соңғы бағам 477,40 теңге болды. Мәмілелер саны – 595.

Ресей валютасы бойынша бағам 5,45 теңгеге тұрақтады.

Еуро бағамы 517,34 теңге деп белгіленді.

9 шілдеде еуро бағамы 520,19 теңге болды. Бұл – 2022 жылдың сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

5 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,2%-ға (0,88 теңгеге) құнсызданды. Осылайша 1 доллар 476,27 теңгені құрады.

Қаржыгелер қауымдастығының сауалнамасы бойынша сарапшылар теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп жоқ екенін айтқан.

Олар тауар нарығының қолайлы конъюнктурасы, ағымдағы операциялар шотының профициті, сауда балансының жақсаруы, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлеме және әлемдік капитал нарығындағы жағдайдың аясында теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ деп есептейді.

Биыл тамыз айының басында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 473,5 ₸/$ болып қалыптасуы ықтимал (қазіргі уақытта 481,6). Ал бір жылдан кейін 481,8 ₸/$-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз