Пайдалы және сирек қазбалар өндірісімен айналысатын «Акжал Голд Ресорсиз» компаниясы 2023 жылы 2,3 млрд теңге шығынға батқан. Компанияның аудиттелген қаржы есебі Қазақстан қор биржасында жарияланды.
Есепке сәйкес, былтыр компания 2,3 млрд теңге шығын алса, 2022 жылғы таза пайдасы – 3,2 млрд теңге тең. Бір жыл ішінде холдингтің активтері 46,1 млрд теңгеден 36,8 млрд теңгеге дейін азайған. Міндеттемелері мен капиталы 38,7 млрд теңгеден асады.
Есепте «Акжал Голд Ресорсиз» компаниясының түпкілікті бақылаушы иесі – Лихтенштейн азаматы Адриан Роман Рейнбергер екені көрсетілген. Холдингтің меншігіндегі үш еншілес кәсіпорын бар: «Артель старателей «Горняк», Ashaly Golden Miner, BM Factory Project.
Алғашқы компания Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақжал» кен орнында құрамында алтыны бар кен өндіру және өңдеумен айналысады. Ал Ashaly Golden Miner-дің қызметі – бағалы металдар мен сирек металл кенін өндіру. BM Factory Project кен байыту, пайдалы қазбаларды өңдеу, тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларын техникалық қолдаумен айналысады.
2022-2023 жылдары холдинтің айналым капиталы теріс мәнде қалыптасқан. Яғни ағымдағы міндеттемелері активтерінен асып кеткен. 2023 жылы міндеттемелері активтерінен 7,7 млрд теңгеге асып кетсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 млрд теңгеге тең болған.
Есепте бұл жайт болашақта компанияның қызметін толық атқара алатынына сеніссіздік тудыратын жазылған. Холдингтің ешілес компаниясы – BM Factory Project 2023 жылы игеретін кен болмағандықтан, толық жұмыс істемеген.