2026 жылдан уран өндірісіне салынатын салық көтеріледі
2026 жылдың қаңтарынан Қазақстанда уран өндіруге салынатын салық 4-18 пайызға дейін көтеріледі. Құн өндіріс көлеміне байланысты болады. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы хабарлайды.
Уран өндірісіне салынатын салықтың көбеюіне Салық кодексіне енгізілген өзгерістер себеп болған.
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға тау-кен өндіру салық базасы өндірілген уран мөлшеріне және 6% мөлшерінде тау-кен өндіру салықтын мөлшерлемесіне көбейтілген, белгілі бір есепті кезеңдегі жария көздерден уранға орташа өлшенген баға (U3O8 табиғи уран концентраты нысанында) ретінде айқындалады»,- деп көрсетілген хабарламада.
2025 жылдың басынан уранға қолданылатын тау-кен өндіру салық мөлшерлемесі 9%-ды құрайды. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша жылына қанша уран өндірілетініне байланысты салық төленеді.
Жылына 500 тоннаға дейін табиғи уран концентраты өндірілсе, салық мөлшерлемесі 4% болады. Ал 500-1 мың тоннаға дейін – 6%, 2 мың тоннаға дейін 9% салық төлейді. Егер жылына 3 мың тоннаға дейін уран өндірілсе, салық мөлшерлемесі 12% болмақ. 4 мың тоннаға дейін – 15% және 4 мың тоннадан жоғары – 18% салық бекітілген.
Сонымен қатар уранның орташа өлшенген бағасы белгілі бір деңгейден жоғары болса, онда салық ставкасы артады.
Жоғарыда аталған өзгерістердің нәтижесінде 2026 жылдан компанияның бірлескен және еншілес кәсіпорындарына сараланған мөлшерлеме бойынша тау-кен салығы салынбақ.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының былтырғы таза пайдасы 580 млрд теңгені құрап, 23% артқаны белгілі. сылайша 2022 жылы 472 963 млн теңгені құрады. Өсім 2023 жылы операциялық кірістің артуына байланысты. «Қазатомөнеркәсіп» 2023 жылы ерекше қаржылық тұрақтылықты көрсетті. Уран бағасының жылдық өсу қарқыны орташа болып, 20%-дан сәл асты.