«Бәйтерек» KASE-де қосымша акция орналастырады. Ұлттық холдинг неліктен жарғылық капиталын көбейтпек?
«Бәйтерек» ұлттық холдингі 25 млрд теңгеге қосымша қарапайым акция орналастырады. Қаражат ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін Индустриялық даму қорының жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталады. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
«Бәйтерек» бір акцияға 1 мың теңгеден жарияланған лимит аясында 25 млн қарапайым акция шығарады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұлттық холдингтің 5 млрд-тан сәл астам жарияланған акциялары және 1,5 млрд-ы орналастырылған. Қосымша шығарылым «Бәйтеректің» меншікті капиталының 0,9%-ын (2,8 трлн теңге) құрайды», – деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте мәміледен бірінші бас тарту құқығы «Бәйтеректің» жалғыз акционеріне, яғни Қазақстан Үкіметіне тиесілі.
Кейіннен тартылған қаражат есебінен ұлттық холдинг – Қазақстанның Даму банкі мен оның еншілес ұйымы Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылымында орналасқан компаниялардың жарғылық капиталы ұлғайтылады. Бұл қаражат Қазақстанда шығарылатын көліктерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталады.
Мамыр айының соңында Өнеркәсіпті дамыту қоры қарапайым акцияларды орналастыратыны туралы хабарлады. Жыл басында «Бәйтерек» KASE-ге 13% тіркелген купондық мөлшерлемесі бар 190 млрд теңгеге 15 жылдық облигацияларды орналастырды.
Еске сала кетсек, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 121 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұған дейін холдинг фермерлердің көктемгі егіс және күзгі жиын-терімін 100 млрд теңгеге қаржыландыратынын хабарлаған.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» – Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қолдайтын, оны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық институт.