Жаңалықтар

“Шрек 5”: Сүйікті мультфильм 16 жылдан кейін көрермендерімен қайта қауышпақ

«Шрек 5» 16 жылдан кейін экранға қайта оралады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Көптің көкейінде жүрген сұраққа жақында жауап келді. Туынды авторлары мен Майк Майерс, Эдди Мерфи, КЭмерон Диаз сынды картинаға қатысқан жұлдыздар мультфильм жалғасы 2026 жылы жарық көретінін растады.

Жалпы сюжет туралы ақпарат әзірге белгісіз болғанымен, Майерс әдеттегідей бас кейіпкерді, Кэмерон Диаз Шректің әйелі Фиона ханшайымды дыбыстайды. Ал Мерфи Шректің досы есекті сөйлетеді. 

Осындай қуанышты жаңалықты бөліскен DreamWorks Animation мультфильм шамамен 2026 жылғы 1 шілдеде экрандарға жол тартатынын хабарлады. Естеріңізде болса, «Шректің» алғашқы бөлімі 2001 жылы жарық көріп, ең үздік анимациялық фильм ретінде бірден Оскар жеңіп алған еді. Аталған фильм арқылы дүниежүзі бойынша 487 млн АҚШ доллары көлемінде касса жинаған DreamWorks үшін бұл үлкен марапат еді. 

«Шрек 2» 2004 жылы, «Шрек 3» 2007, ал «Шрек 4» 2010 жылы шықты. «Шректің» бесінші бөлімін түсіру әуелгі жоспарда болатын. Дегенмен 900 млн доллар жинап, сыншылардың да оң пікіріне иеленген екінші бөлімнен кейін DreamWorks атқарушы директоры Джеффри Катценберг франшизаны төртінші бөліммен аяқтауға шешім қабылдайды. Негізі, «Шректің» бесінші бөлімі бұл франшиза бойынша түсірілген жетінші фильм. Өйткені Антонио Бандерас «Етік киген мысық», «Етік киген мысық: соңғы тілек» спин-оффтарын түсірген еді. Алайда Бандерастың бесінші бөлімге қосылып-қосылмауы туралы хабар жоқ. 

Өткен айда Мерфи «Шректегі» есектің де бөлек спин-оффы түсірілетінін тұспалдап айтқан болатын. Сонымен қатар бесінші бөлімнің жұмысы бірнеше ай бұрын басталып кеткеннен де мәлімдеді. «Бірінші актіні түсірдік. Жалпы, биыл бітіру жоспарда бар», – деді Мерфи.

Дәстүрден жаңылмай, жақында арада жарық көретін әрі көрермендер асыға күтіп жүрген жаңа хикаялар топтамасын ұсындық. Бұл топтамада ежелгі заманға саяхат, ескі фильмнің жаңартылған нұсқасын көре аласыздар