Қазақстан жанамай бағасы арзан елдер қатарында 11-орында тұр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан жанармай арзан елдер қатарында / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан жанамай бағасы арзан елдер қатарында 11-орында тұр. Әр мемлекеттегі бензин бағасын GlobalPetrolPrices.com есептеген.

Бүкіл әлем бойынша жанармайдың орташа бағасы литріне 1,32 (АҚШ доллары) құрайды. Соның ішінде ең арзан жанармай – Иранда. Бұл елде бензин бағасы 0,029 долларды құрайды. Сонымен қатар Ливия мен Венесуэлла елдерінде де жанар-жағармай бағасы төмен.

Ал ең қымбаты Гонконгта (3,2 доллар) сатылады. Исландия, Дания, Монако сынды елдерде де жанармай бағасы жоғары.

Қазақстанда бір литр бензиннің орташа бағасы 0,51 долларды құрайды. Әлем елдері арасында жанармай бағасында айтарлықтай айырмашылық бар. Әдетте бай елдерде баға жоғары болса, кедей елдер мен мұнай өндіріп, экспорттайтын елдерде баға айтарлықтай төмен.

Жалғыз ерекшелік – Америка Құрама Штаттары. Экономикасы дамыған елде бензин бағасы арзан. Әр елдегі баға айырмашылығы бензинге салынатын салық пен бөлінетін субсидиялардың әртүрлі болуына байланысты.

Энергетика министрлігі баға кезең-кезеңмен көтеріліп, ЕАЭО елдерімен теңестірілетінін хабарлады.  ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда жанар-жағармай бағасы ең арзан саналады. Бұл жанар-жағармайдың көрші елдерге заңсыз ағыны мен «сұр» экспорты қаупін тудырады.

Сондай-ақ оқыңыз