Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұған дейін теңге Ұлттық қордан түсетін қосымша трансферттердің есебінен нығая түскен. Алайда 2024 жылғы маусым-шілдеде теңге құнсыздана бастады. 9 шілде ұлттық валюта құнсызданып, доллар бағамы 480,77 теңгені құрады.
«Макрореттеуші ретінде тауарлар ақысын теңгемен төлейміз, сақтаймыз, жинаймыз деп үнемі айтамыз. Біз үшін теңге әлдеқайда маңызды. Бағамға тоқталсам, жылды бір доллаға 455 теңге көрсеткішімен бастадық. Ұлттық қордан түскен трансферттердің әсерінен валюта бағамы нығайды. Содан кейін біраз уақыт 480-ге дейін құнсызданды», – деді спикер.
Оның айтуынша, ел бюджетінде айырбас бағамы бір долларға 460 теңге болып белгіленген.
«460 теңге – бұл орташа көрсеткіш. Бағам бұдан төмендеп, қайта көтерілді. Қазір шамамен 474 теңге. Оған ықпал еткен көптеген фактор бар. Басты фактор: салықтың тапшылығы. Сондықтан бізге Ұлттық қордан ақша аударып, көбірек валюта сатуға тура келді. Біз аударымдар жасағанда валютаны алып, ішкі нарыққа сатамыз. Бұл бірінші жартыжылдықта теңгенің нығаюына әсер етті. Трансферттерге келетін болсақ. Алты айдың ішінде трансферттердің 80%-ы сатылды. Үкімет қосымша операциялар ұсынуы әбден мүмкін», – деді Сүлейменов.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы маусымда теңге бағамы құбыла бастады. Мәскеу биржасына санкция салынған соң рубль да құнсызданып, кейін қалпына келді. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Ресей Федерациясындағы шектеу шаралары KASE-ге айтарлықтай әсер етпейтінін айтты. Сонымен қатар реттеуші бағам «негізгі көрсеткіштерге» оралып жатыр деп хабарлады.