Темекі өнімдеріне акцизден 2024 жылдың алты айында бюджетке 122 млрд теңгеден астам қаражат түсті
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында темекі өнімдеріне акцизден бюджетке 122 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Оның ішінде өндірілген темекі өнімдерінен 78 миллиард теңге, импортталатындардан 44,7 миллиард теңге түсім есептелінді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын тұрақты түрде бақылап отырғанын атап өтті. Мәселен, 2024 жылдың 6 айында жалпы құны 5,8 миллиард теңгеден асатын 7 миллион қорап заңсыз темекі өнімдері тәркіленді. Бұл ретте төленбеген акциз сомасы 2 миллиард теңгеден асты.
2024 жылы Қазақстанда 4 миллиард данадан астам темекі өндірілді. Оның ішінде 2 миллиардтан астам данасы импортталды. Шетелге шығарылған тауарлар қатарында 700 мыңнан астам қыздырылған темекі (таяқтар) өнімдері, 36 мың келі кальян және 66 миллион дана темекі өнімдерінің (сигаралар, сигариллалар және т.б.) басқа түрлері бар.
Бұған дейін «Курсив» 15 шілдеден бастап Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайтынын жазған. Темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 770 теңгеден 820 теңгеге дейін көтеріледі. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңге болады. Қаржы министрлігі темекі өнімдеріне бағаны көтеру темекі тұтынуды азайтудың және «адамдардың өмірін сақтаудың» тиімді әдісі екенін атап өтті. Сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өсті.