Криптография, Конфуцийдің өмір салты, асатаяқ петроглифі: Qalam-ның апта таңдауы
Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: адам шифрды қалай және не үшін ойлап тапқан, Британ патшайымынан мұраға қалған бриллианттың қарғысы бар ма, жартасқа салынған асатаяқ петроглифінің мәні қандай деген сұрақтарға жауап алып, жақсы күйеу болудың жолын көрсететін қытай философы Конфуцийдің өмір сүру салтын оқыңыздар.
Адам шифрды қалай және не үшін ойлап тапты?
2008 жылғы 31 қазанда Сатоши Накамото деген лақап аты бар анонимді пайдаланушы бірнеше жүздеген энтузиастар мен криптография мамандарына «Bitcoin: A Peer-to-Peer Electronic Cash System» деген атаумен құжат жіберген сәттен бастап, биткоин әлемді тұтас жаулап алды. Биткоин жүйе ретінде криптовалюта пайда болғанға дейін көптеген жыл бойы мыңдаған ғалымның еңбегінің жемісі. Шифрлау тарихы қалай пайда болғанын материалдан оқыңыз.
Кохинур алмазының қарғысы
Ежелгі өсиетте бұл тас туралы: «Оны тек Құдай немесе әйел ғана жазасыз тағып жүре алады» деп жазылған. Кейбіреулер Кохинурды үнді эпосындағы мифтік Сьямантака тасымен байланыстырады. Аңыз бойынша, бұл асыл тас күн құдайы Сурьяға тиесілі болған және лайықсыз адамды өлім құштыратын қабілетке ие болған. Король III Карл мен оның келіні Кейт Мидлтонның кеселі патшайымнан мұраға қалған көне бриллиантпен байланысты ма, толығырақ материалдан оқыңыз.
Асатаяқ петроглифінің жұмбағы
Жартасқа салынған асатаяқ петроглифіне қарап, ежелгі адамдардың күнделікті күйбеңінен артық ештеңе жоқ деп санауымыз мүмкін. Дегенмен көзі қарақты жұрт бұл бейнені Мұса я Иса Мәсіхпен байланыстыру да мүмкін. Өйткені біздің санамызда бақташы бейнесі ежелден бері дәл осы аты аталған пайғамбарлармен астастырылып келеді. Сол себепті бұл суреттің мәні біз ойлағандай қарапайым емес, неге екенін материалдан оқыңыз.
Конфуцийдің өмір салты
Ол – Қытайдағы ең маңызды философиялық жүйенің негізін қалаушы. Cөз жүзінде бұл дін немесе соған жақын нәрсе саналады. Бірақ басқа діндердің пайғамбарларынан айырмашылығы, Конфуций құдайлар жайында көп айтпаған және мистикаға қызығушылық танытпаған, ал ол құрған идеологиялық жүйе – діни ережелер жинағы емес, дұрыс мінез-құлық туралы ауқымды моральдық-этикалық нұсқаулық.
Сонымен қатар алдыңғы апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.