ҰБТ-дан 1 балл алып трендке айналған түлек: адамдарға пайдалы болғым келеді

Жарияланды (жаңартылды )
Ерасыл Уәлиев ҰБТ-дан 1 балл алып, TikTok трендіне шықты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық түлек Ерасыл Уәлиев өзінің TikTok парақшасында ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) «рекордтық» бір балл жинағанын айтты. Көп уақыт өтпей, Ерасыл желі жұлдызына айналды. Kursiv Media тілшісі Ерасылдың өзіне хабарласып, мән-жайды сұрады. 

Жас түлек 30 маусым күні ҰБТ тапсырып, одан тек бір балл жинаған. Ол бұл туралы өзінің TikTok парақшасында айтты. Дәлел ретінде талапкер ҰБТ нәтижесі жазылған бланктің суретін жариялаған.

Фотодәлелге сенсек, түлек бір балды оқу сауаттылығы бойынша алған. Қалған пәндер бойынша – 0 балл. Оның таңдау пәні – гееография және ағылшын тілі. Жас жігіттің TikTok-тағы видеосы қазірдің өзінде миллионнан аса қаралым мен мыңдаған пікір жинаған.  Желі қолданушыларының кейбірі оны қолдап, «блогер болып танылып кетуіне көмектсейік» десе, енді бірі қалжыңдап, бір ұпай жинау 140 максималды ұпайдан гөрі қиынырақ, ол үшін қалған 139 сұрақтың да дұрыс жауабын білу қажет екенін жазып жатыр. Ал тағы бір топ жігітті «талапсыз» деп,  желі жұлдызын сөгіп те жатыр. Пікір жазғандардың арасында жігіт қиналмай тек бір сұраққа жауап беріп, шығып кеткенін жазып жатқандар да, желіде танылу үшін әдейі осындай әрекетке барғанын жазып жатқандар да көп.

Кейінірек түлек тағы бір видео жариялап, неге бұлай істегенін түсіндірді. Ерасыл Уәлиевтің айтуынша, осылайша құрдастарына ҰБТ тапсырғаннан кейін өмір аяқталмайтынын көрсеткісі келген.

«Өмір мұнымен аяқталмайды. Мен жалпы адамдарға пайдалы болғым келеді. Өмірлік ұстанымым осы. Қазір әлеуметтік желі арқылы аудитория жиналып жатыр. Мұның өзін адамдарға пайда әкелу мақсатында жұмсағым келеді. Қазір қалай істеуге болатынын ойланып жатырмын», – дейді ол.

Артынша бұл оқиғаға қатысты ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері пікір білдірді. Ұлттық тестілеу орталығы Ерасыл Уәлиевтің екі рет — 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда 1 балл жинады. Бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минутта өткенін атап өткен жөн, — деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

@erasyl.ualievv

Ответ пользователю @NUR стрим 20:00 де 06.07.24 күні. Инста профильде #erasylualiev #1баллентерасыл

♬ оригинальный звук – Ерасыл Уалиев

Орталық қызметкерлері талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Ал Ерасыл Уәлиев қазір әлеуметтік желідегі парақшасында көрерменді жинап, тікелей эифрге шығып, сұрақтарға да жауап беріп жүр. Желі пайдаланушылары одан енді не істейтінін, қай университетке түскісі келетінін сұрап жатыр. Түлекті осындай эфирлердің бірінде ата-анасы бір балл жинағанына қатысты не дегенін де айтты.

«Басында ұрысты, айғайлады. Бірақ кейін бәрі жақсы болып кетті. Екі рет тапсырдым ғой», – деді ол.

Желі жұлдызын жақында SDU University өкілдері қонаққа шақырған. Алайда белгілі болғандай, оқу орны талапкерді оқуға түсуге ұсыныс жасау үшін шақырмаған. Ерасыл Уәлиев Kursiv.мedia тілшісіне университет оны тек танысып, сұхбаттасу үшін шақырғанын айтты.

«SDU University тек қонақ ретінде, осы істеген әрекетімнің себебін білуге, кофе ішіп, әңгімелесуге шақырды. Бұл университетке түспеймін, әрине. Оған балым жетпейді», – дейді ол.

Абитуриент қазір оған түрлі бизнес өкілдері жазып, жарнама сұрап жатқанын да айтты. Алайда ол ұсыныстың бәрінен бас тартып жатыр екен.

«Иә, қазір аудитория, оқырман саны керемет қарқынмен өсіп жатыр. Жарнама бергісі келетіндер көп. Бірақ ешкімнің ұсынысын қабылдап жатқан жоқпын. Мүмкін, кейінірек қолға алармын. Қазір жарнама жасап кетсем, адамдар дұрыс түсінбей қалады. Ал мен ондай нәрсеге оқырманды дайындап алып, тіпті одан бұрын сапалы аудитория жинап алғым келеді», – дейді жас жігіт.

Ерасыл осылайша блогерлікті қолға алғысы келеді. Сондықтан ол TikTok-пен қатар Instagram парақшасын да қолға алған. Алайда ол ҰБТ бойынша жинаған бірінші нәтижесі – 93 баллмен қазақстандық оқу орындарына тапсырып көрмек. Сонымен қатар талапкер түсіп жатса, шетелде де оқығысы келетінін айтты.

13-20 шілдесі аралығында мемелекеттік грант конкурсына талапкерлер құжат тапсырады. Kursiv Media KZ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қабылдау комиссиясына барып, негізгі құжаттардың тізімін сұрап қайтты. Оқуға құжатты онлайн қабылдайды ма? Шет тілінен емтихан тапсырған болса оның сертификаты ҰБТ балына есепке алына ма? Қандай квоталар, жеңілдіктер бар? Университетке оқуға тапсырамын деп жүрген жастарға қажетті негізгі ақпаратты жинап, назарларыңызға ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз