Трампқа Пенсильваниядағы сайлауалды кездесуде қастандық жасалды. АҚШ президенттігіне үміткер жараланып, бір адам қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Трамптың жағдайы жақсы / Фото: REUTERS/Brendan McDermid

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың Пенсильваниядағы сайлау алдындағы жиында оған қастандық жасалды. Белгілі болғандай, күдікті сахнаға қарай бірнеше рет оқ атқан.

Жиналғандардың арасында үш адамға оқ тиіп, оның бірі көз жұмды. Қалған екеуі жараланды. Трамп құлағынан жарақат алды. Бірақ оның жағдайы жақсы, деп жазды New York Post.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, Трамп АҚШ-тағы заңсыз мигранттардың саны туралы айтқан кезде көпшілік арасынан белгісіз адам оқ атқан. Болжам бойынша ол бұрынғы президенттен алыс қашықтықта орналасқан ғимаратта тұрған. Оқ Трампқа тигенге дейін күдікті терезеден секіріп, қашып кетпек болған.

Трампты қорғауға жауапты құпия қызмет өкілінің айтуынша, экс-президентке қауіп төніп тұрған жоқ және тергеу басталды. Ұстау операциясы барысында күдікті көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыз